8 Маусым, 17:14 516 0 Қоғам Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Месси туралы мультфильм шықты

«Барселона» командасы Лионель Месси туралы «Леоның жүрегі» мультфильмін жарыққа шығарды. Туындыда Мессидің табысқа жету жолы бастан-аяқ көрсетіледі.

Росарионың көшесінде өскен бұлдырықтай баланың денсаулығынан кінәрат табылғаны (11 жасында оның ағзасынан соматотропин – өсу гормонының жетіспеушілігі байқалды), арманшыл жастың «Барселонаға» сапар шегуі, қиын сәттерде кешегі өзі рух беретіні әдемі сипатталған.

Лионель Месси «Барселона» сапында 2004 жылдан бері 637 матч өткізіп, 552 гол соқты. Аргентина құрамасы сапында – 147 матч, 80 гол.

Ол – әлемнің 2014 жылғы вице-чемпионы.

Месси бір аптадан кейін басталатын әлем чемпионатында да өнер көрсетеді. Аргентина құрамасы D тобында Исландия, Хорватия және Нигерия құрамасымен ойнайды. Алғашқы матч 16 маусымда Исландия құрамасымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар