АЛАШ АРЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН «СЫРЛАСУ БҰРЫШЫ»

АЛАШ АРЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН «СЫРЛАСУ БҰРЫШЫ»

АЛАШ АРЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН «СЫРЛАСУ БҰРЫШЫ»
ашық дереккөзі
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Сырласу бұрышы» атты тақырыпта кездесу өтті. «Сырласу бұрышының» басты мақсаты ХХ ғасыр саяси сарсаңға салған ұлт ардақтыларын еске алып, тағзым ету, болашақ жастардың бойына ұлттық дәстүрді сіңіру, өткен тарихқа көз жүгіртіп, бүгінгіні саралау. Ең бастысы, жастарға күш жігер беру. Алаш арыстарын ардақтау, тәуел­сіз­дігімізді ұлықтау – жас ұрпақтың еншісінде екені ақиқат. 31 мамыр – Қазақстан үшін ерекше аталып өтетін қаралы күн. Бұл күн «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгіленіп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған. Біз бұл күнді қаралы күн деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы қажет. Еске алу кешін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын – Бақыт Беделхан жүргізді. Кездесудің шымылдығы «Алаш арыстарына» арналған әуезді әнмен ашылып, одан әрі театрдың жоғарғы буын өкілдері, театр қайраткерлері өткен күндерге көз жүгіртіп, зобалаң жылдардың зұлматы мен қазақ халқының бастан кешкен қиямет-қайым дәуірлерін және репрессияға ұшыраған сахна саңлақтары жайлы естеліктерімен бөлісті. Кездесуге ҚР халық әртісі – Сәбит Оразбаев, Зәмзәгүл Шәріпова, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Әбубәкір Қайран сынды белгілі тұлғалар қатысты. Кешегі өткен күрделі кезеңді сөз етіп, қазіргі күнімізге тәубе деп, арайлы азаттық күніміз бен түнімізге ризашылықтарын білдірді. Кешегі Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов салған сара жолды ұрпақтан – ұрпаққа жалғау, аманат ету ғасыр еншісінде.    

Еркежан ДОСМҰХАМБЕТОВА,

Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университеті,

журналистика факультетінің

3-курс студенті