Жақып Асанов: Сотқа сенім жоқ жерге ешкім де инвестиция салмайды

Жақып Асанов: Сотқа сенім жоқ жерге ешкім де инвестиция салмайды

Жақып Асанов: Сотқа сенім жоқ жерге ешкім де инвестиция салмайды
ашық дереккөзі
360
ҚР Президентінің жанындағы шетел инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов қазақстандық соттар тектоникалық өзгерістердің алдында тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Соттардың тәуелді екені туралы, жемқорлыққа орын берілетіні туралы пайымдар бар. Бірақ, бұл ретте біз ешқандай да бірегей емеспіз. Бұндай мәселе экономикасы дамып келе жатқан барлық мемлекетте де бар. Алайда Қазақстанды өзге мемлекеттерден не ерекшелендіріп тұр? Біздің Президент инвестициялық әділ сотты енгізді. Сарапшылар мұндай еш жерде жоқ деген пікірін айтып жатыр. Оның маңызы неде? Пікірталастар тек елордада шешіледі. Шығын аз, шешімдер тез атқарылады. Ең бастысы - аймақтық биліктердің араласуына жол берілмейді", - дейді ол. Жақып Асановтың айтуынша, 2018 жылы қаралған 40 істің 74 пайызы инвесторлардың шағымы болған. Артынша, инвесторлардың пайдасына құны 62 млн АҚШ доллар болатын істердің 38 пайызы шешілген. "Біздің шешімдер сот әрдайым мемлекетті қолдайды деген таптаурын түсінікті жоққа шығарады. Мемлекеттік органдар өздерінің қателіктерін соттардың қолымен шешпеуі керек. Міне, сондықтан біз бүгін не атқарып жатырмыз? Біріншіден, әлемдік тәжірибеде даудың 25 пайызы өзара келісіммен шешіледі. Біз де осы ретте медиацияны енгіздік. Екіншіден, ЕАЭО-да инвест-дауларға қатысты істерде ұлттық соттардың рөлі артып келеді. Бұл да біздің жолымыз. Халықаралық кеңестің, АХҚО сотының ең үздік тәжірибелерін өзімізге сіңіріп, халықаралық қағидаттар мен стандарттарды енгізудеміз", - деді ол. Жақып Асанов өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолға алған бағдарламаларының арқасында соттар қалай өзгеретінін айтып берді. "Алдымен, соттардың жоғары кәсібилігі артады. Қазірдің өзінде судьялардың іріктеуін жүргізіп жатырмыз. Екіншіден, соттар тәуелсіз бола түседі. Судьяларға ықпал ету жолдарын алып тастап, талқы тек сот залында өтетіндай қамтамасыз етеміз. Ол жерде 100 пайыз аудио және видеожазылым өтеді. Үшіншіден, әділеттілік. Бізді айыптау бөлігіне баса маңыз береді деп айыптап жатады. Біз осы ретте барлық рейтингтер мен көрсеткіштерді алып тастадық. Нәтиже: ақталу істері артты. Төртіншіден, ашықтық. Барлық сот процестерді соттың сайтында көруге болады. Бесіншіден, артық қағаздан, процедуралардан, кезектен босаған соттар ақылды бола түседі. Оның барлығы да соттың экожүйесін жақсартады", - деді Жақып Асанов. Еске сала кетсек, бүгін Астанадағы "Тәуелсіздік сарайында" Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлары кеңесінің отырысы өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары