Энергетика вице-министрі Жақсалиев үй қамаққа алынды

Энергетика вице-министрі Жақсалиев үй қамаққа алынды

Энергетика вице-министрі Жақсалиев үй қамаққа алынды
ашық дереккөзі
401
Қазақстан энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілініп, үйқамаққа алынды деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі. Ведомство ресми өкілі Нұрлан Жахиннің брифингте айтуынша, Бақытжан Жақсалиев Щушинск-Бурабай шипажай аймағындағы көлдерді тазалау жұмыстары бойынша құжаттарды қабылдау кезінде заңсыз әрекет жасап, мемлекетке 746 миллион теңге шығын келтірді деген күдікке ілінген. Оған 2015 жылы мердігер "Аймак и К" компаниясының мүддесін қорғауда қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деген айып тағылып отыр. "Жақсалиев орындалған жұмыс көлемі 30 есеге асыра көрсетілгенін біле тұра, жалпы сомасы 863 миллион теңгенің жұмысы орындалғаны туралы актіге заңсыз қол қойған." дейді Нұрлан Жахин. Күдікті қазір үйқамаққа алынған. Жақсалиев энергетика вице-министрі қызметіне 2014 жылы келген. Оған дейін үш жыл бойында индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары қызметін атқарған. Бұл биылғы жылға энергетика министрлігі басшыларынің қатысы бар екінші ірі қылмыстық оқиға болып тұр. Наурыз айында Бурабай көлдерін тазалауға бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен аталған мекеменің вице-министрі Ғани Сәдібеков қамауға алынған болатын.

Серіктес жаңалықтары