Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Маңғыстау облысына барды

Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Маңғыстау облысына барды

Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Маңғыстау облысына барды
ашық дереккөзі
199
Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Маңғыстау облысында атаулы профилактикалық жұмыстар жүргізді. Осы жылдың 28 мамыры – 1 маусымы аралығындағы кезеңде Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Маңғыстау облысында бірқатар шараларды іске асырады. Жүргізілген жұмыстар барысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен атаулы кездесулер өткізуге айрықша көңіл бөлді. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Жаңаөзен қаласына және Мұнайлы ауданына сапарлап барды. Мұнайгаз саласының қызметшілерімен, оның ішінде радикалдық діни көзқарасты ұстанатын азаматтармен жеке кездесулерге ерекше көңіл бөлінді. Айталық, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері А.Ұтысхан, М.Орынбай, Б.Қожагелдинов дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша түсінік берді. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері сондай-ақ радикалдық діни көзқарасты ұстанатын, облыстың түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен жеке кездесулер өткізді. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері И.Беркімбаева, Г.Ахметова, З.Үсенова, Т.Мұстафина оқушылармен және жас балаларын ектіруден бас тартқан отбасылардың мүшелерімен, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанатын әйелдермен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Әйел жамағаты өкілдерімен, әйелдердің коммуникативтік және кәсіптік білім-білігін арттыруға бағытталған психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері өңірлік телеарнаға сұхбат берді. Бекітілген кестеге сәйкес Маңғыстау облысына қайта келу ағымдағы жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары