Қытайда тұтқындалған Қазақстанның 9 азаматы босатылды

Қытайда тұтқындалған Қазақстанның 9 азаматы босатылды

Қытайда тұтқындалған Қазақстанның 9 азаматы босатылды
ашық дереккөзі
3760
ҚР Сыртқы  істер министрі Қайрат Әбдірахманов консульдық мәселелер бойынша Бейжіңде өткен кезекті қазақстандық-қытайлық консультацияға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Шетелдегі Қазақстан азаматтарының мүддесімен байланысты барлық жұмыстар тек қана тұрақты назарда тұрған жоқ. Біз күн сайын осы мәселелермен жұмыс істейміз. Егер, біздің ҚХР-мен ынтымақтастығымыз жайында сөз болса, онда келіссөздер жүргізуге еш кедергі жоқ. Келіссөздердің, ҚХР-мен арада қол жеткізілген уағдаластықтардың қорытындысында тұтқындалған 12 азаматымыздың 9-ы босатылды. Қалған үш азаматымызға қатысты біз тыңғылықты жұмыстар жүргізудеміз», - деді Қайрат Әбдірахманов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне. Министрдің айтуынша, ҚХР-мен барлық келіссөздер серіктестік рухында жүргізілуде. «Шетелде жүрген Қазақстанның барлық азаматының құқығы біз үшін басымдық. Сөзсіз қорғалатын болады», - деді ол. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Қазақстан мен Қытайдың сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер туралы консультациялар өткізілді. «Қазақстандық тарап Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған этникалық қазақтардың жағдайына қатысты мәселені қозғады. Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтардың істерін объективті және әділ қарау мен оларды босату туралы табанды тілек айтылды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі этникалық қазақтардың мәселелерін шешудің ортақ амалын ойластыруға уағдаласты», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары