308
Кен орнындағы өрттен 32 жастағы ер адам ажал құшты
Кен орнындағы өрттен 32 жастағы ер адам ажал құшты
Маңғыстаудағы кен орнында болған өрттен 32 жастағы ер адам ажал құшты. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Маңғыстаудағы кен орнында өрт болғанын растады, деп хабарлайды Лада.
Ресми өкіл келтірген дерек бойынша, оқыс оқиға Комсомольское кен орнында болған. «Комсомольское кен орнында 19 мамыр күні 22:22-де 40 шаршы метр аумақта дренаждық ыдыс өртенгені туралы хабар Дағдарыс жағдайларды басқару орталығына 20 мамыр күні 02:58-де түскен. Оқиға ұңғыманы толықтай жөндеу кезінде болған. Салдарынан 1986 жылы туған «М-Техсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысшысы алған жарақаттарынан қаза тапқан. Тағы үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған», - деп мәлім етті Руслан Иманқұов. 00:23-те өрт толықтай сөндірілген. Айта кетейік, жапа шеккендердің бірінің денесін 60 пайыз күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екеуі травматология бөлімінде ем алуда. Бұған дейін «М-Техсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысшыларын күйік шалып, оларды санитарлық авиация ауруханаға жеткізгені туралы хабарлаған болатынбыз.