20 Мамыр 2018, 05:22 1006 0 Өнер Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған кім?

Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71 Канн кинофестивалінде өз аталымы бойынша үздік деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі кинофестивальдің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтемемен.

Самал Еслямова ресейік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған. Актриса режиссер Сергей Дворцевойға өз алғысын айтты. C. Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте туған. 2011 жылы Ресейдің театр өнері университетін (ГИТИС) бітірген. Бұған дейін ол «Тюльпан» фильмінде басты рөлді сомдаған. Бұл туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, жас әділқазылардың жүлдесін, Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар