Кубада аза тұту күні... Елбасы көңіл айту жеделхатын жолдады

Кубада аза тұту күні... Елбасы көңіл айту жеделхатын жолдады

Кубада аза тұту күні... Елбасы көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөзі
278
Кубада ұшақ апатынан көп адамның қаза болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды. Мамырдың 18-і күні Гавана әуежайынан елдің шығысындағы Ольгин қаласына ұшып шыққан Куба мемлекеттік әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы әуеге көтеріле салысымен көп ұзамай жерге құлаған. Ақпарат агенттіктерінің дерегінше, ұшақта жүзден астам адам болған. Жергілікті басылымдар апаттан үш адамның тірі қалғаны, ауруханаға жеткізілген олардың жағдайы өте ауыр екені туралы хабарлады.  width=Ұшақ апатының себебі белгісіз. Мексикалық Aerolineas Damoj компаниясының меншігіндегі 1979 жылы құрастырылған ұшақты Кубаның Cubana de Aviacion әуе компаниясы жалға алғаны туралы Мексика билігі мәлімдеген. Ұшақ экипажы құрамында мексикалық алты азамат болған. Boeing компаниясы Куба үкіметіне апат себебін тексеруге болысу үшін мамандарын жіберуге әзір екені туралы мәлімдеген. Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Гавана қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Осынау қиын сәтте, қаза болғандардың туыстары мен жақындарының, сондай-ақ барлық Куба халқының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары