Зияткерлік меншік  және оны қорғау жолдары

Зияткерлік меншік  және оны қорғау жолдары

Зияткерлік меншік  және оны қорғау жолдары
ашық дереккөзі
Зияткерлік меншік – адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады және әрқашан адамзаттың барлық кезеңдерінде ғылымның, мәдениеттің және прогрестің қуатты қозғалтқышы болып қала береді. Әр адамның жасына, психологиялық жағдайына, азаматтығына және өзге де сипаттамаларына қарамастан, белгілі бір дәрежеде ғылым мен мәдениет туындыларын жасауға, шығаруға деген қабілеті болады. Дегенмен адамдар бұл дарынды әртүрлі мөлшерде пайдаланады. Зияткерлік меншіктің негізгі объектілеріне: авторлық және аралас құқық, тауар белгілері, өнеркәсіптік үлгілер, патенттер жатады. Сондай-ақ, «Зияткерлік меншікті» коммерциялық құпия және әділетсіз бәсекелестік туралы заңдарға да жиі қосады, ол заңдар өздерінің құрылымы бойынша айрықша құқықтар ұсынбайды. Қазіргі кезде зияткерлік қызметтің барлық жаңа салалары пайда болуда, нәтижесінде оларды құқықтық қорғау заңмен реттеліп, талап етілуде. Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымына (ДИМҰ) мүше болып табылады және сонымен қатар, авторлық және аралас құқықтарды регламенттейтін көптеген халықаралық конвенциялар, келісімдер мен келісімшарттарға қатысушы болып табылады. Қазақстан Париж Конвенциясына, Мадрид келісіміне, Патенттік ынтымақтастық туралы келісімшартқа қатысушы болып табылады және басқа да маңызды құжаттарға қол қойды. Қазақстанда зияткерлік меншік объектілерінің құқығын «Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының Патенттік Заңымен, «Тауар белгісі, қызмет­ ету белгілері және тауарлардың шыққан жерлерінің атаулары туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы» Заңдарымен қорғау жүйесі, Әкімшілік, Азаматтық және Қылмыстық кодекстерде Зияткерлік меншік объектілеріне деген құқықтың бұзылғаны үшін әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Зияткерлік меншік құқығы департаменті (ЗМҚД) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің зияткерлік меншік мәселелерімен айналысатын уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады. ЗМҚД зияткерлік меншік объектілеріне деген құқықты тіркеу және авторлық құқықты, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді және зияткерлік меншік объектілерін қорғауды, сондай-ақ, авторлық құқыққа, патенттер, тауар белгісіне куәліктер беру және жалпы мойындалған тауар белгілерін мойындаумен байланысты мемлекеттік саясатты орындау үшін жауап береді. Ұлттық зияткерлік меншік институты (ҰЗМИ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Зияткерлік меншік объектілерін пайдалану және құқықтық қорғау саласында мемлекеттік билік органдары үшін сараптама, ғылыми зерттеулер және басқа жұмыстарды ұйымдастыру мен көмектесу мақсатында құрылған. ҰЗМИ өнертабыстарына, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге деген патенттер беруге, тауар белгілерін тіркеуге деген өтінімдерді қабылдайды, тауар белгілерінің сараптамасын жүргізеді, зияткерлік меншік объектілеріне мемлекеттік тіркеуді жүргізеді және ресми жарияланымдарды ұйымдастырады. Соңғы жылдары зияткерлік меншік объектілеріне деген құқықты қорғау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар тарапынан да, Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан да ерекше назар аударылуда. Бұл кездейсоқ емес. Осы маңызды саладағы құқықты қорғау бойынша еліміздегі өркениетті әлеуметтік экономикалық өзара қатынастарды қалыптастыру да біздің еліміздің өркендеуінің ерекше көрінісі болып табылады.  

Алматы қаласы Әділет

департаменті

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі