11 Мамыр, 11:01 217 0 Сыртқы саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Порошенко, Меркель және Макрон Путинмен кездеспек

Украина президенті Петр Порошенко Франция және Германия басшыларымен бірге "норманд төрттігі" кездесуін ұйымдастыруға келіскен. Жүздесу Парижде өтуі мүмкін. Бұл туралы Порошенко 10 мамырда Германияда Ангела Меркель және Эммануэль Макронмен кездесуден соң мәлімдеді.

"Норман форматындағы" жиналысты жақын уақытта өткізу үшін қажетті нақты қадамдарды келістірдік", - деді Порошенко.

Оның сөзіне қарағанда, тараптар аннексияланған Қырымда сайлау өткізгені үшін Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін, тұтқындарды босату және бітімгерлік күштерін кіргізу мәселелерін талқылады.

9-10 мамарда Украина президенті жұмыс бабымен Германияда болды.

Мамырдың соңында Франция мен Германия басшылары Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар