АҚШ Иранға қатысты санкцияларын кеңейтті

АҚШ Иранға қатысты санкцияларын кеңейтті

АҚШ Иранға қатысты санкцияларын кеңейтті
ашық дереккөзі
285
АҚШ Иранға қатысты санкцияларын кеңейтті. Вашингтон Иранға қатысты санкцияларын кеңейтті. Тиісті құжат АҚШ қаржы министрлігінің сайтында жарияланды. Санкция тізіміне Ислам революциясы күзетшілерінің корпусына (Иран қарулы күштеріндегі элиталы бөлім) қатысы бар алты адам және үш компания кірді. 8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Иранмен ядролық келісімінен шыққанын жариялады. Сонымен қатар ол келісім аясында тоқтаған санкциялар Иранға қайта салынуы мүмкін екендігін ескертті. 2015 жылы Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Франция, АҚШ және Иран қабылдаған келісім Тегеранның ядролық бағдарламасын доғарып, АҚШ пен Еуроодақтың оған салған санкцияларын тоқтатуды қарастырады.

Серіктес жаңалықтары