10 Мамыр 2018, 16:50 433 0 Сыртқы саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Өзбекстан президенті ресми сапармен АҚШ-қа барады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыртуымен, Құрама Штаттардағы алғашқы ресми сапарын биыл 15-17 мамыр аралығында жасайды.

Жоғары деңгейдегі келіссөздерде өзбек-америка әріптестігінің жағдайы мен болашағы талқыланып, өзекті халықаралық және аймақ мәселелері сөз болады, деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Өзбекстан басшысы Конгрессте, қорғаныс министрлігі мен АҚШ мемлекеттік департаментінде, бұған қоса Дүниежүзілік банкте екі жақты кездесулер өткізеді.

Ресми сапар нәтижелері бойынша президенттердің "Өзбекстан және АҚШ: стратегиялық әріптестіктің жаңа дәуірінің басы" деп аталатын бірлескен мәлімдемесі қабылданып, көптеген құжаттарға қол қойылады.

3 мамырда Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов АҚШ-тың республикадағы елшісі Памела Спратленді қабылдады. Бұл кездесуге Сенат комитетінің төрағасы Садык Сафаев пен Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының директоры Владимир Норов қатысты. Өзбек шенеуніктері АҚШ елшісімен бірге Мирзияевтің Вашингтонға сапарын талқылады, деп хабарлады дереккөз.

Соңғы жаңалықтар