Ясауиге арналған симпозиум

Ясауиге арналған симпозиум

Ясауиге арналған симпозиум
ашық дереккөзі
399
Анкара қаласында түркі әлемінің ұлы ойшылы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы, діни қайраткер Қожа Ахмет Ясауиге арналған халықаралық симпозиум өтті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған екі күндік шарада Ислам елдері Статистика, экономика және әлеуметтік зерттеу және білім орталығының (SESRİC) бас директоры Мұса Кулаклыкая, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес төрағасы, профессор Мұса Йылдыз, Өкілетті кеңес мүшесі профессор Мұхитдин Шимшек, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) төраға орынбасары Мехмет Сүрейя Ер және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен тарихшы-ғалымдар бас қосты. Қазақстан атынан Түркиядағы елшілік қызметкерлері, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, ясауитанушылар қатысты. Профессор Мұса Йылдыз өз сөзінде 2016 жылы ЮНЕСКО бойынша жарияланған «Ясауи жылы» аясында TIKA-ның қолдауымен «Диуани хикмет» еңбегін шағатай тіліндегі түпнұсқасының жарыққа шығарғанын атап өтті. Сондай-ақ, балаларға базарлық ретінде Қожа Ахмет Ясауиге арналған әңгімелер жинағын тарту еткеніне тоқталған ол: «2016-2017 жылы Қожа Ахмет Ясауидің қайтыс болғанына 850 жыл толуына орай ЮНЕСКО көлемінде түрлі шаралар атқарылды. Осыған сәйкес, пошта конверті мен 850 жыл бейнеленген арнайы марка және күміс монета айналымға түсті», – деді Мұса Йылдыз. ТІКА төрағасының орынбасары Мехмет Сүрейя Ер: «Түркістан төрінде жатқан ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың түркі әлемі үшін орны бөлек. Орталық Азияда ислам түсінігін қалыптастырып, ата-бабамыз арқылы әлемге таратты. Біздің ұйым осы мақсатты ары қарай жалғастыруға қызмет етеді», – деді.  

Серіктес жаңалықтары