17-19 мамырда Астана экономикалық форумы өтеді

17-19 мамырда Астана экономикалық форумы өтеді

17-19 мамырда Астана экономикалық форумы өтеді
ашық дереккөзі
233
Еуразияның жыл сайынғы іскерлік оқиғасы ретінде қабылданатын Астана экономикалық форумы бұл жолы 2018 жылдың 17-19 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентті. Елдер экономикасындағы, әлеуметтік саладағы, диджитал технологияларда, өндіріс пен тұтынудағы жылдам және түбегейлі өзгерістер, сонымен қатар көз алдымызда болып жатқан технологиялық ауысым 2018 жылы Астана экономикалық форум негізінде Global Challenges Summit жаһанды сын-тегеуріндер саммитін құруға серпін болды. Экономикалық өсу және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру және урбанизация, ұзақ өмір сүру және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдени ауысым - осы жалпы әлемдік үрдістер Global Challenges Summit 2018 бағдарламасының негізін құрады. Естеріңізге сала кетейік, конгрестің 10 жылдық жұмысында оған әлемнің 150 елінен шамамен 50 000 делегаттар, олардың ішінде – 20-дан астам Нобель лауреаттары және 30 жоғары деңгейлі шетел саяси қайраткерлері қатысқан. Конгресс шеңберінде 20 млрд доллардан асатын сомаға 300-ден астам меморандумдар және келісімдер жасалған. Түрлі уақытта форум спикерлері саясаткерлер, ғалымдар және экономисттер, әлемдік деңгейдегі журналисттер мен қоғамдық қайраткерлер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттар және бизнес-элиталар өкілдері болған. Айта кетейік, Астана экономикалық форумын әлемдік Global Challenges Summit жетекші еуразиялық экономикалық конгресс ретінде түрлендіру – ғаламдық дамудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы халықаралық дискурста Қазақстанның жаңа мәртебесінің дәлелі.

Серіктес жаңалықтары