Ердоған: Бұхараға сапарымның мәні зор

Ердоған: Бұхараға сапарымның мәні зор

Ердоған: Бұхараға сапарымның мәні зор
ашық дереккөзі
242
30 сәуірде Ташкенттегі «Куксарой» резиденциясында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен ресми кездесу салтанаты өтті. Ердоған Өзбекстанға мемлекеттік сапармен 29 сәуірде келді. Қазіргі таңда «Куксарой» резиденциясында Өзбекстан және Түркия президенттері Шавкат Мирзияев пен Режеп Тайип Ердоғанның шағын топпен бірге кездесуі өтіп жатыр. «Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық әріптестікті дамытуға ерекше ден қойылады. Өзбекстан мен Түркия халықтары бұл келіссөздерден үлкен нәтиже күтеді», - деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі. Өзбекстанмен президентімен жүздесуден соң, Ердоған парламентте (Олий Мажлис) сөз сөйлейді, одан соң Шавкат Мирзияевпен бірге түрік және өзбек кәсіпкерлерінің іскерлік форумына қатысады. 1 мамырда Ердоған Бұхараға барады. Өзбекстанға сапары қарсаңында берген сұхбатында Ердоған Бұхараға баруының мәні зор екенін мәлімдеді. «Менің Бұхараға сапарымның мәні зор. Түркия Өзбекстанда имам Әл-Бұхари және имам Матуриди атындағы ғылыми-зерттеу институтын ашуды жоспарлап отыр. Бұл мәселеге қатысты келісім бар. Сапар барысында сол мәселелерді пысықтаймыз», - деді Ердоған Стамбул әуежайында өткен брифингте.

Серіктес жаңалықтары