ҚХА Төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

ҚХА Төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

ҚХА Төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды
ашық дереккөзі
490
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ  сессиясы барысында ҚХА Төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өздеріңізбен келіскендей, жылына бір рет Ассамблея сессиясында түрлі өңірдің этномәдени бірлестіктері ұсынған ҚХА Төрағасының жаңа орынбасарлары ауысу арқылы тағайындалады. Ағымдағы жылы да  Ассамблея кеңесі ақылдаса келе маған бұл лауазымдарға «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Тварионас Виталий Ионо мен ҚХА мүшесі, мецанат Салжанов Исламбек Төлеубайұлын ұсынды. Біз оларды жақсы білеміз. Бұл кандидаттарды қолдайсыздар ма? Қарсылық жоқ па? Жоқ болса, онда мен оларды Ассамблея Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындау туралы өкімге қол қоямын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Айта кетейік, «Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деген күн тәртібімен басталған сессия жұмысына 1 500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында елдің барлық өңірлерінен келген Ассамблеяның ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени  бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауымның және БАҚ-тың өкілдері бар. Сессия соңында салтанатты концерт өтеді.

Серіктес жаңалықтары