ҚХА сессиясына қатысушылардың қазақстандықтарға арнаған үндеуі

ҚХА сессиясына қатысушылардың қазақстандықтарға арнаған үндеуі

ҚХА сессиясына қатысушылардың қазақстандықтарға арнаған үндеуі
ашық дереккөзі
230
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ  сессиясына қатысушылар үндеу қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жыл басында ұсынылған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» шын мәнінде әлеуметтік жаңғырудың ауқымды бағдарламасы болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан әу бастан-ақ әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде құрылды. Бес әлеуметтік бастама осы бағыттың қисынды жалғасы болып, әлеуметтік мемлекет туралы конституциялық норманы жаңа нақты мазмұнмен толтырды. Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, салықтарды азайту, қосымша білім гранттарын бөлу, студенттерге арналған жатақханаларды жаппай салу, микрокредиттеуді кеңейту және газдандыруды одан ары жалғастыру - бұл азаматтардың өмірі сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізуді мақсат ететін нақты есептелген шаралар», - делінген үндеуде. Сонымен қатар үндеуде осы шаралар топтамасының арқасында экономикалық және қоғамдық прогреске ықпал ететін жағдайлар жасалғаны және ең бастысы әркімнің іс жүзінде әлеуметтік қорғалуы мен тұлғаның өзін-өзі танытатындай  еңбек етіп, өмір сүруіне кепілдік берілетіндігі аталып өтілген. «Осы арқылы мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі нақты мәнмен толыға түседі. Мұның бәрі де әлеуметтік бірлік пен қазақстандық қоғамның кірігуінің нақты әрі пәрменді тұғыры болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларын тұтастай қолдайды және оларды тиімді іске асыру жөніндегі амалдарды талқылауға белсене атсалысады. Біз, барша қазақстандықтарды соған шақырамыз. Біз бірлесіп, жаңа өмір мүмкіндіктерін, әлеуметтік пен ұлттық игіліктің жаңа үлгісін жасаймыз. Біз бес әлеуметтік бастаманы іске асыру, бейбітшілік пен келісімді одан ары нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатының артуына, Отанымыз - Қазақстан Республикасының өркендеуіне жәрдемдесетініне сенімдіміз», - делінген құжатта.

Серіктес жаңалықтары