Салауатты өмір салтын буклет таратумен насихаттауды доғару қажет

Салауатты өмір салтын буклет таратумен насихаттауды доғару қажет

Салауатты өмір салтын буклет таратумен насихаттауды доғару қажет
ашық дереккөзі
470
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов салауатты өмір салтын насихаттау бойынша әлеуметтік маркетинг тәсілдерін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бөлінген қаржыны ешкімге қажеті жоқ буклеттер мен қағаз материалдарға жұмсайсыздар. Біздің мақсатты тобымыз - жастар, балалар мен олардың ата-аналары. Олардың денсаулықтарын нығайта түсуіміз керек. Олар қазір түрлі ақпарат көздерін пайдаланады. Ал сіздерде сол баяғы буклеттер», - деді Біртанов министрлік алқасының кеңейтілген отырысында Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшылығына. Министр интернет пен әлеуметтік желілерде салауатты өмір салты идеясын насихаттау мен ұсынымдарды жариялауға көп шығын кетпейтінін баса айтты. «Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Әлеуметтік желіде - Инстаграм мен Фейсбуктағы жазылушыларымыз көбейіп келеді. Жүгіруге, қадамдарды санауға, ағзадағы су теңгерімін бақылауға арналған мобильдік қосымшаларды енгіздік. Оларды жүктеп алса жеткілікті», - деп жауап берді министрге Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Жәмилә Баттақова.

Серіктес жаңалықтары