Даниярдың кәсіби бокстағы алғашқы қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегінде өзінің қарсыласын анықтады, деп жазады Sports.kz.

Данияр Елеусіновке қарсылас болып америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) белгіленді. Кидд екі жеңісін техникалық нокаутпен, біреуін судьяның шешімімен жеңген. Ал төртінші айқасын тең аяқтаған.

Елеусінов – Кидд арасындағы айқас алты раундқа есептелген. Жекпе-жек Бруклинде (АҚШ, Нью-Йорк штаты) 28 сәуірде өтеді. Еске сала кетейік, таяуда ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Қазақстан Олимпиада-2016 чемпионы Данияр Елеусінов өз мансабы мен титул үшін айқасты дамытуды жоспарлауда екендігін айтқан болатын.

 

Back to top button