303
«Шәкәрім» қытай тіліне аударылды
«Шәкәрім» қытай тіліне аударылды
2 сәуірде Сиань Шет тілдері университетінде (СШТУ) Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың қытай тіліне аударылған «Шәкәрім» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
Туындыны Қытайдың Әлеуметтік ғылымдар баспасы шығарған. «Шәкәрімді» оқыған соң мен қазақтардың өмірі жайлы мол мағлұмат алдым. Тіпті сіздің еліңіздің кең-байтақ даласында сәйгүлікке мініп құйғыта шапқым келді»,-деді таныстырылым барысында СШТУ ректоры Ван Цзюньчже. Кітапты қытай тіліне бірнеше жыл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфузия институтында еңбек еткен СШТУ оқытушысы Ли Сичан аударған. Бұл оңды жаңалықты аталмыш оқу орнындағы қазақ тілін үйреніп жүрген қытайлық студенттер.