ТАҢДАУ ЕРКIНДIГI – ТЕК БIР ҚОРҒА

ТАҢДАУ ЕРКIНДIГI – ТЕК БIР ҚОРҒА

ТАҢДАУ ЕРКIНДIГI – ТЕК БIР ҚОРҒА
ашық дереккөзі
179

Үстiмiздегi жылдың 1 маусымына дейiн бiрнеше жинақтаушы зейнетақы қорларында қаражаты бар отандастарымыз өз ерiктерiмен, бiр ғана ЖЗҚ-ны таңдауы тиiс. Егер олай етпесе, автоматты түрде iске қосылатын жүйе азаматтардың таңдау еркiндiгiн өз мойнына алмақ. Биылдан бастап, қазақстандық зейнетақы жүйесiне енгiзiлген басты жаңалық та – осы.

2009 жылдың 1 қаңтарын бойынша ЖЗҚ номиналдық кiрiсiнiң көлемiне қатысты мәлiмет

Жинақтаушы зейнетақы қоры %2008ж.

“РЕСПУБЛИКА” ЖЗҚ” АҚ — 11,78%

“ТұранӘлем Банкi Қазақстан ЖЗҚ” АҚ — 10,13%

“АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН” ЖЗҚ” АҚ — 8,85%

“НефтеГаз – Деем” ЖЗҚ” АҚ — 7,96%

“ҚорҒау” ЖЗҚ” АҚ — 7,43%

“Капитал”– “ЦентрКредит ЕК” ЖЗҚ” АҚ — 6,96%

“Атамекен” ЖЗҚ” АҚ “Нұрбанк” еншiлес компаниясы — 6,02%

“Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ (Еуразиялық банк” АҚ ЕК) (“Сенiм” ЖЗҚ” АҚ) — 5,19%

“МЖЗҚ” Жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ — 3,82%

“Отан” Ашық ЖЗҚ” АҚ (“АТФ Банк” АҚ” Еншiлес мекемесi) — 3,46%

“Қазақмыс” ЖЗҚ” АҚ — 2,93%

“ГРАНТУМ” ЖЗҚ” (“Қазкоммерцбанк” АҚ Еншiлес мекемесi) — 2,30%

“Қазақстанның Халық банкi ЖЗҚ” АҚ, “Қазақстанның Халық Банкi” АҚ ЕМ — 3,69%

“ҰларҮмiт” ЖЗҚ” АҚ — 16,01%

ЖЗҚ зейнетақылық активтер бойынша номиналдық кiрiсiнiң орташа бағамдық коэффициентi – 0,84%

Инфляцияның қордаланған деңгейi – 9,50%

Үстiмiздегi жылдың 1 қаңтарынан бастап, елiмiздегi зейнетақы жинақтау жүйесiне өзгерiс енгiзiлдi. Заңға сәйкес, бұдан былай отандастарымыз қаражат қорын бiр ғана жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауы тиiс. Сарапшылар пiкiрiнше, бiрнеше ЖЗҚ-дағы ақшаның автоматты түрде бiр ғана ЖЗҚ-ға аударылуы азаматтардың қаржыны оңай әрi тиiмдi бақылауына мүмкiндiк бередi. Қор жинайтын тұлғаларға қойылатын басты талап – жинақтаушы зейнетақы қорын саналы түрде таңдап, оның сенiмдiлiгi мен тұрақтылығына көз жеткiзу. Егер үстiмiздегi жылдың 1 маусымына дейiн салымшылар қай зейнетақыны жинақтайтын қорды нақты шешпесе және келiсiмге отырмаса, автоклиринг жүйесi iске қосылып, әлгi азамат үшiн жүйе шешiм қабылдайтын болады. Яғни, салымшылардың бiрнеше қордағы қаражаты автоматты түрде ең кеш ашылған бiр ғана қорға аударылмақ. Мамандар қауымы ЖЗҚ-ға аударылған ақшаның өсу қарқынын жiтi қадағалап отыруға, сондай-ақ, зейнатқыға деп жинақтайтын қаражат қорын ұзақмерзiмдiк инвестиция ретiнде қарауға, яғни, барынша мұқият болуға кеңес бередi.

Кейбiр мамандар пiкiрiнше, қазақстандық зейнеақы жүйесiнде қордаланып қалған бiрқатар қиындықты шешуге ықпал ететiн автоматты аударылымның көлеңкесiнен күнгейi басым. Мысалы, ақша аудару барысындағы келеңсiздiктер жойылып, техникалық қателiктер азаяды және уақыт барынша үнемделе түседi. Ең маңыздысы, бiр ЖЗҚ-дан екiншi бiр ЖЗҚ-ға ауысқысы келетiн азаматтар тек зейнетақылық қамсыздандыру туралы келiсiм-шарт бекiтумен шектелмек. Оның үстiне, кейбiр ЖЗҚ-лардағы жаңсақ ашылған есепшоттар автоматты аударылым кезiнде оңай анықталуы тиiс. ҚР Қаржы нарығын қадағалау және реттеу агенттiгi тарапынан берiлген ресми деректерге сүйенсек, 2009 жылдың 1 қаңтарында салымшылардың мiндеттелген зейнетақылық жарнасы бойынша ашылған жекелеген зейнетақылық есепшоттар саны – 9 613 112-ге, ал жинақталған зейнетақылық қаражат 1 415,5 млрд. теңгеге жеткен.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары