“ТОКАРЬ IСIНIҢ НЕГIЗДЕРI” ОҚУЛЫҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДI

“ТОКАРЬ IСIНIҢ НЕГIЗДЕРI” ОҚУЛЫҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДI

“ТОКАРЬ IСIНIҢ НЕГIЗДЕРI” ОҚУЛЫҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДI
ашық дереккөзі
338

Жақында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бекiтуiмен елiмiзде соңғы кезде мән берiлмей қалған сирек мамандық токарьлықтың қыр-сырын ұқтыратын теориялық жаңа басылым жарық көрдi.

“Токарь iсiнiң негiздерi” атты жаңа оқулық колледж, техникалық училищелер оқушыларына, сондай-ақ, токарь мамандарын даярлайтын оқу орындарына арналған. Авторы Қазақстан Республикасындағы “Кәсiптiк оқыту” саласының негiзiн қалаушылардың бiрi, жиырмадан аса оқулықтың авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Омар Сыздықов. Елiмiздегi машина жасау мамандықтарының iшiнде токарьлық станоктарда жұмыс iстейтiн мамандар ең көп тараған, бiлiмi нақты, iскер мамандар қатарына жатады. Алайда, орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде токарь iсiне қатысты пән КСРО кезiнде мектеп қабырғасында, сонан соң орта кәсiптiк бiлiм беру саласында жақсы жолға қойылған едi. Ондай мамандар токарь станогының құрылысы мен жұмысын, жасалатын тетiктiң атқаратын қызметiн, материалын, оның өңделу ерекшелiктерiн, қолданылатын кескiш аспаптарын және олардың қайралу, бекiтiлу ерекшелiктерiн жетiк бiлуге тиiс. Қазiргi таңда ұшы қиыры жоқ, қыр-сыры көп бұл мамандыққа деген сұраныс тiптен артып отыр.

Бұл құнды оқулықты токарь iсiне қатысты қазақ тiлiнде жазылған тұңғыш туынды деуiмiзге толық негiз бар. Себебi осы уақытқа дейiн бұл мамандықта даярланып келген жастар тек орыс тiлiндегi басылымдарды пайдаланып, соның негiзiнде бiлiмдерiн жетiлдiрдi. Автордың қырық жылдан астам уақыт машина жасау саласында әр түрлi инженерлiк және басшылық қызметтерде болғанда жинақталған әрi ұстаздық еткен мол тәжiрибесiне сүйене отырып жазылған бұл еңбегi құнды дүние. Өйткенi тәжiрибенi теориямен ұштастыру сол мамандықты жете меңгерумен қатар оны толықтай теориялық тұрғыдан сараптауға толық мүмкiндiгiнiң жетуi маңызды. Бұл тұрғыдан алғанда ғалымның Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде “Кәсiптiк оқыту технологиясы” кафедрасын басқара отырып жазылған оқулығының айрықша үлкен мәнге ие екендiгiн көремiз.

Әлия БIЛДЕБЕКОВА

Серіктес жаңалықтары