ҚАЗКОМ-НЫҢ МҰЗЫ МЕН КҮНI

ҚАЗКОМ-НЫҢ МҰЗЫ МЕН КҮНI

ҚАЗКОМ-НЫҢ МҰЗЫ МЕН КҮНI
ашық дереккөзі
202

Қазкоммерцбанк Астана мен Семейдiң мұз қалашықтарында мұзды мүсiндердi қаржыландырды.

Қазақстанның астанасында ҚАЗКОМ-ның сыйлықтары бар қаппен орналасқан қарлы Аяз атаның балаларды қуантқанына, ал Семейде мұзды бүркiттiң самғағанына бiр айдай болды.

Астана мен Семейдiң қалалық әкiмдiктерiнiң банктiң облыстық филиалдарымен ынтықмақтасуының нәтижесiнде аталған мұзды кейiпкерлер өмiрге келдi.

“Өкiнiшке орай, бiз Қазақстанның солтүстiгiндегi басқа қалаларда осы iспеттес мүсiндер жасай алмадық. Өйткенi желтоқсанда күн тым жылы боп тұрды. Дегенмен бұл жоба келесi жылы да өз жалғасын таппақ”, — дейдi банктiң басқарушы директоры Андрей Тимченко.

Мұзды қалашықтарды ашумен қатар банк бiр мезгiлде баспасөз және сырттағы жарнамада “Жаңа жылда күн нұрына бөленiңiз!” атты жарнамалық кампаниясын өткiзуде. Жарық пен жылулықтың нышаны күн деп бiлемiз, ал қар күн энергиясын күштiрек шағылыстырады. Сондай-ақ, күн — ҚАЗКОМ-ның белгiсi. Сол себептен, банк қысқы жарнамасымен және жарқын образдарымен елiмiздiң тұрғындарына күннiң суықтығына және аязға қарамастан 2009 жыл қуаныш пен жылы күндерге толы болғанын тiлейдi.

Едiге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары