ЕЛБАСЫ ДАВОС ФОРУМЫНА АТТАНДЫ

ЕЛБАСЫ ДАВОС ФОРУМЫНА АТТАНДЫ

ЕЛБАСЫ ДАВОС ФОРУМЫНА АТТАНДЫ
ашық дереккөзі
214

Кеше Швейцарияның Давос қаласында Бүкiләлемдiк экономикалық форум басталды. Оған Қазақстанның мемлекет басшысы да қатысуда.

Бұл форумға 40 елдiң басшылары, 96 елден 2,5 мыңға жуық өкiл келген. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда, анағұрлым көп. Сондай-ақ, сарапшылар бұл форумның бүкiләлемдi жайлаған қаржы дағдарысына арналатындығын жеткiздi. Халықаралық The Wal Street Journal басылымының алдын ала жүргiзген талдауы бойынша, бұл форумда екi негiзгi мәселе сөз болмақ. Бiрiншiсi – “Әлемдiк рецессия ендi қаншаға созылмақ, қандай деңгейге жетпек?”, екiншiсi – “егер экономикада өрлеу болса, оған ненiң арқасында жету?”. Ал, басты мақсаты – “дағдарыстан кейiнгi әлемдi” құру.

Жоспар бойынша, Давос форумының ресми бөлiгiн Ресей-премьерi В. Путин ашпақ. Жиын қаңтардың 31-iне дейiн созылады. Ақ үй әкiмшiлiгi бұл форумға Обаманың үлкен кеңесшiсi – Валери Джарреттi жiберiп отыр. Сондай-ақ, форумға тұңғыш рет қытай өкiлi – премьер-министр Вэнь Цзябао келдi. Форумда Путиннен өзге Жапония, Германия, Ұлыбритания және Қытай өкiлi сөз сөйлейдi.

Экономистер бұл форум жаңа экономикалық үлгi жасауға мүмкiндiк тудырады деп болжауда.

Серіктес жаңалықтары