“ШӘМШI”, N1

“ШӘМШI”, N1

“ШӘМШI”, N1
ашық дереккөзі
214

Өткен жылы тұсауы кесiлген “Шәмшi” ұлттық мәдениет және ғылыми-танымдық журналының биылғы бiрiншi нөмiрi жарыққа шықты. Басылымда “қазақ вальсiнiң королi” Шәмшi Қалдаяқовтың есiмiн иеленгендiктен композитордың шығармашылығы мен жеке өмiрiне қатысты қызғылықты материалдарға орын берiлiптi.

Мәселен, М. Әлiмбаевтың “Жетi жетелiлiк” мақаласы мен Н. Нүсiпжановтың сұхбатынан оқырмандар Шәкеңнiң шығармашылық қыры мен адами болмыс-бiтiмiмен жете танысып, маңызды мәлiметтер алуына болады.

Ал, композитордың дүнген жастарын шахматқа қалай баулығаны Қ. Оңалбековтың “Шәмшiнiң шахматы” атты материалында баяндалады. Бұлардан өзге “Сарғайған суреттер сыры”, “Шәмшiнiң әнi”, “Шәмшi – мұра” айдарларына журнал бетiнен ерекше орын берiлген.

Бүгiнгi қоғамның тыныс-тiршiлiгiн қамтыған Г. Омарованың “Үлескерлер үмiтi ақтала ма?” деген мақаласы үлкен әлеуметтiк мәселе ипотека тақырыбын қаузаса, Ж. Шағатайдың “Қара джип мiнгендер…” атты материалы босағадан сығалаған қазақ тiлi мен қазақ мүддесiн көтередi.

М. Оразбайдың “Сiргелi Қарабатыр” атты зерттеуi тарих тұңғиығынан сыр шертсе, жазушы Қ. Сәрсенбайдың “Композитордың көз жасы” көркем шығармасы адами қасиеттердi жан-жақты ашады. Б. Телтаевтың “Алып таулар биiкпiн деп шiренбе…” деген мақаласы жастарды ғылым көкжиегiне жетелесе, Б. Рысбеков өз мақаласында Аралды құтқарудың жолын ұсынады.

Сондай-ақ, “Шәмшi” журналынан Ә. Бағдәулетованың қазақ киносы, Е. Жеңiсұлының қазақ спорты жайлы мақалаларымен таныса аласыздар.

Серіктес жаңалықтары