“ШЫРҒАНАҚ ШӘКIРТТЕРIМЕН ШАТТАНАДЫ”

“ШЫРҒАНАҚ ШӘКIРТТЕРIМЕН ШАТТАНАДЫ”

“ШЫРҒАНАҚ ШӘКIРТТЕРIМЕН ШАТТАНАДЫ”
ашық дереккөзі
273

Аты әлемге белгiлi емдiк өсiмдiк Шырғанақ (облепиха) осы аттас (Шырғанақты) өңiрде-Алматы облысында өсетiнiн жұрт көп бiле бермейдi. Райымбек ауданындағы Шырғанақ өнiрi дүниеге белгiлi дәрiлiк өсiмдiктiн ежелгi Отаны десек артық айтпаймыз. Өйткенi Шырғанақтын ну тоғай болып өсуiне байланысты бұл өлке әлiмсақтан осылай атанған. Табиғаты танғайжайып өлкеге ұлы Шоқан саяхат сапарымен келсе, кеменгер жазушы Мұхтар Әуезов “Қилы заман” шығармасына дерек жинау үшiн Албан елiнде болады. Тарихи өлке болғандықтан Шырғанақ ауылында Республикаға белгiлi мұражай бар.

Қасиеттi өнiрдiн атақ-даңқын асқақтатып, тарихын дүйiм елге танытып жатқан Шырғанақ орта мектебiнiң әр жылғы түлектерi. Мектеп тарихы да ғасырға жуықтайды . Алдыңғы жылы мектептiн жетпiсiншi жылдардағы түлектерi (iштерiнде ғалым, жазушы, кәсiпкер, депутат бар) жиналып өздерi түлеп ұшқан алтын ұяларында бас қосып, бiлiм ордасына ақшалай, заттай көмек көрсеттi. Биыл түлектер тағы бiр рухани игiлiктi шаруаның ұйтқысы болды. “Шырғанақ шәкiрттерiмен шаттанады” атты тарихи танымдық кiтәп шығарды. Онда ауыл мектебiнiң өткен өмiрi, әр жылдардағы түлектердiң өмiрбаяаны мен кәсiптерi, жанұя және бала-шағалары жөнiнде баяндалады. Кiтапта бұдан сексен жыл бұрынғы мектеп пен алғашқы ұстаздар жөнiнде қызықты әрi құнды деректер жүйелi жалғасады. Бiр сөзбен айтқанда энциклопедия деп айтуға болатын рухани дүние екенi атынан да затынан да көрiнiп тұр. Кiтаптi құрастырып, деректер жинап, түлектердiң көпшiлiгiмен кездесiп, iс сапарларда болып, зорыға еңбек еткен мектептiң жетпiсiншi жылдардағы түлегi Тәжiхан Әлiмжанова мен оның қызы Жадыра және Бижамал Мананова. Демеушiлiк жасаған Гүлнар Құсайынова.

Жақында Iңкәрбек Жұмағұлов атыңдағы Шырғанақ мектебiнде аталған кiтаптiң тұсаукесерi өттi. Онда келген мектеп түлектерi сөз сөйледi, тiлек тiледi. Мектеп түлегi депутат сенатор Жансейiт Сәрсенқұловтың жiберген құттықтауы оқылды. Ғалымдар Сәкен Обаев, Бақытхан Дәулетбақов, әйгiлi әншi Рамазан Стамғазиев, тағы да басқа Республикаға белгiлi зиялылар мен ақын жазушылар игiлiктi iске қуанып, мұндай рухани шаралардың алдағы уақыта да жалғаса беретiнiн айтты.

Ораз-АЙ

Серіктес жаңалықтары