439
МАРЧЕНКО — ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ
МАРЧЕНКО — ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ
Мемлекет басшысының жарлығымен бұған дейiн Халық банкiнiң төрағасы болып келген Григорий Марченко Ұлттық банкi төрағасы болып тағайындалды.
Григорий Марченко 1999-2004 жылдары аралығында Ұлттық банкiнiң төрағасы қызметiн атқарған едi. Бұл жылдары Қазақстан экономикасының аса бiр тұралап, дағдарысты бастан кешкенi белгiлi. Соған қарағанда бiлiктi экономистiң қарым-қабiлетiн тағы бiр рет пайдалану көзделiп отырған сынды.