ТӨЛҚҰЖАТҚА «ҰЛТ» ҚАЙТАРЫЛДЫ

ТӨЛҚҰЖАТҚА «ҰЛТ» ҚАЙТАРЫЛДЫ

ТӨЛҚҰЖАТҚА «ҰЛТ» ҚАЙТАРЫЛДЫ
ашық дереккөзі
206

Қоғамды ала-шапқын еткен биометриялық төлқұжат мәселесiне қаңтардың 19-ы күнi нүкте қойылды.

Үкiмет үйiнде өткен селекторлық кеңестiң қорытындысы бойынша, Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов Әдiлет министрлiгiне жаңадан берiлiп жатқан биометриялық төлқұжатта азаматтың ұлтын белгiлеудi тапсырды. “Бүгiнде қоғамда жаңа төлқұжатта азаматтың ұлты белгiленбеуi жайлы мәселе көтерiлiп жатыр. Әр нәрсенiң өз орны бар. Сондықтан мен ҚР Әдiлет министрiне жаңадан берiлiп жатқан биометриялық төлқұжаттарда азаматтардың ұлтын белгiлеудi тапсырамын. Бiзде азаматтарды ұлтына қарай бөлудi әлi ешкiм жоққа шығарған жоқ”, — дедi Үкiмет басшысы. Ал, Әдiлет министрi Зағипа Балиева ханым бұған дейiн 3 мың құжатты иеленгендер өз құжаттарына ұлты туралы ақпаратты емiн-еркiн енгiзе алатындығын айтты. Бұл үшiн қосымша қаржы төленбейдi.

Төлқұжат биылғы жылдың 5-қаңтарынан бастап берiле бастады. ИКАО-ның талабымен жасалып жатқан бұл төлқұжаттың электронды чипiнде азаматтың аты-жөнi, туған күнi мен жерi, азаматтығы, төлқұжаттың нөмiрi, құжаттың берiлген уақыты мен әрекет ету мерзiмi, жеке нөмiрi, фотосуретi және төлқұжат иесiнiң қолы сақталған. Ендi осы ақпаратқа құжат иесiнiң ұлты туралы мәлiмет енгiзiлетiн болады.

Серіктес жаңалықтары