«ҚАЗКОММЕРЦБАНК» ӨТКЕН 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

«ҚАЗКОММЕРЦБАНК» ӨТКЕН 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

«ҚАЗКОММЕРЦБАНК» ӨТКЕН 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ
ашық дереккөзі
186

“Қазкоммерцбанк” кеше аудитордың шолуымен ХҚЕС (МСФО) бойынша құрастырылған қаржы есебi негiзiнде 2008 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысын жариялады.

Жалпы, негiзгi көрсеткiштер: Таза пайда 16,6%-ға өстi – 2007 жылдың тоғыз айы iшiнде 42,8 млрд. теңгеден 2008 жылдың 30 қыркүйегiнде аяқталған тоғыз айдың iшiнде 49,9 млрд. теңгеге дейiн өстi. Акция табысы 2007 жылдың тоғыз айы iшiнде 59,03 теңгеден 2008 жылдың 30 қыркүйегiнде аяқталған тоғыз айдың iшiнде 71,36 теңгеге дейiн өстi.

Салық төлегенге дейiн таза пайда 30,4%-ға өстi, өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда – 55,2 млрд. теңгеден 71,9 млрд. теңгеге дейiн. Операциялық табыс 29,4%-ға өстi – 77,4 млрд. теңгеден 100,2 млрд. теңгеге дейiн, болса, таза пайыздық табыс 79,5%-ға көбейдi, яғни талданып жатқан мерзiм iшiнде 52,4 млрд. теңгеден 94,1 млрд. теңгеге дейiн өстi.

Жалпы активтер 5,4%-ға төмендедi – 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес 2 997 млрд. теңгеден 2008 жылдың 30 қыркүйегiндегi жағдай бойынша 2 835 млрд. теңгеге дейiн төмендедi. Жеке капитал 9,9%-ға өстi – 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес 319,2 млрд. теңгеден 2008 жылдың 30 қыркүйегiндегi жағдай бойынша 350,7 млрд. теңгеге дейiн өстi. Мүмкiн болатын құнсыздану құнына қалыптастырылған резервтi есептемегенде, тұтынушыларға берiлген несие көлемi 4,8%-ға төмендедi – 2 366 млрд. теңгеден 2 254 млрд. теңгеге дейiн төмендедi.

Клиенттердiң шотындағы қаражат мөлшерi 22,5%-ға өстi – 895,1 млрд. теңгеден 1 096 млрд. теңгеге дейiн. Шығарылған ұзақмерзiмдi құнды қағаздар мөлшерi 5,0%-ға төмендедi – 739,7 млрд. теңгеден 702,8 млрд. теңгеге дейiн. Жеке капиталдың рентабельдiк коэффициентi (ROE) 2008 жылдың 30-шы қыркүйегiнде 20,0 %-ды құрады. 2007 жылдың соңында бұл көрсеткiш 19,5 %-ды құраған болатын.

Ал, соңғы тоғыз ай iшiндегi табыс, мүмкiн болатын құнсыздану құнына қалыптастырылған резервтi есептемегенде, 2008 жылдың 30 қыркүйегiнде аяқталған тоғыз айдың iшiнде 47,6%-ға, яғни 150,8 млрд. теңгеге дейiн өстi. 2007 жылдың сәйкес мерзiмiнде бұл көрсеткiш 102,1 млрд. теңге болатын. Өсiм негiзiнен орташа пайыздық активтердiң 2008 жылдың тоғыз айында 8,9%-ға ұлғаюы және банктiң таза пайыздық маржасының 7,9%-ға көбеюiнен болды. 2007 жылдың 9 айында бұл көрсеткiш 5,9 %-ды құрады.2008 жылдың 30-шы қыркүйегiнде аяқталған тоғыз айда таза пайыздық емес табыстың жалпы көлемi 6,1 млрд теңгенi құрады. 2007 жылдың сәйкес мерзiмiнде бұл көрсеткiш 25,0 млрд. теңге болған. Төмендеу өндiрiстiк қаржы құралдары мен банк қоржынындағы iрi қазақстандық эмитенттердiң құнды қағаздарын қайта бағалау салдарынан орын алып отыр.

2008 жылдың тоғыз айында пайыздық активтердiң құнсыздануынан резервке бөлiнетiн қаржы 56,7 млрд. теңгенi құрады. Бұл көрсеткiш 2007 жылдың тоғыз айында 49,7 млрд. теңгенi құраған болатын (өсiм 14,0%). Негiзгi үлестi клиенттердiң қарызы бойынша резервтер алып отыр. Тұтынушылардың қарыздарын резервтеудiң тиiмдi мөлшерлемесi жыл басындағы 5, 6 пайыздан 2008 жылдың 30-шы қыркүйегiнде 8,0%-ға дейiн өстi.

Әлемдiк қаржы дағдарысы жағдайында Банк операциялық шығындарды өсiрмеу саясатын ұстанып, үнемдеу жағдайында басымды бағыттарды анықтауда.

Банктiң 2008 жылдың 9 айындағы операциялық шығындары 2007 жылдың 9 айымен салыстырғанда 26,6%-ға ұлғайып, 20,7 млрд. теңгеден 26,2 млрд. теңгеге жеттi. Операциялық шығындардың негiзгi үлесiн қызметкерлерге жұмсалатын шығындар алуда. Мәселен, 2008 жылдың 9 айы iшiнде 51,9% құрайтын жалпы операциялық шығындардың 49,8%-ын аталған шығындар құрады.

2008 жылдың 30-шы қыркүйегiндегi жағдай бойынша клиенттерге берiлген қарыздың (брутто) жалпы көлемi 2,3%-ға азайып, яғни 2007 жылдың 31-шi желтоқсанындағы 2 507 млрд. теңгеден 2 450 млрд. теңгеге дейiн төмендедi. Жеке тұлғаларға берiлген қарыз (нетто), тұтынушылық және ипотекалық қарызды қоса есептегенде, 2008 жылдың 30-шы қыркүйегiнде клиенттердiң жалпы қарызынан 385,0 млрд. теңгенi немесе 17,1%-ды құрады. Жыл басында бұл көрсеткiш 19,1% болатын.

Банктерге берiлген қарыз және қаражат құнсыздануға бөлiнген резервтi есептемегенде, 2008 жылдың 30-шы қыркүйегiнде 19,2%-ға өсiп, 253,6 млрд. теңгенi құрады. 2007 жылдың 31-шi желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл көрсеткiш 212,8 млрд. теңгенi құраған. 2007 жылдың соңында 7,1% болған банктерге берiлген қарыз және қаражат үлесi жалпы активтердiң пайыздық арақатынасына шаққанда 8,9%-ға өстi.

Ал, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан және Ресейдiң Ұлттық банктерiндегi қаражат пен есеп-шоттар 2008 жылдың 30-шы қыркүйегiндегi жағдай бойынша 183,1 млрд. теңгенi құрады. Бұл 2007 жылдың соңындағы көрсеткiштен 8,9% ға арты деген сөз (2007 жылдың 31-шi желтоқсанындағы көрсеткiш – 168,1 млрд.теңге).

Банктiң кiрiс пен шығынның таза бағалануы нәтижесiндегi қаржы активтерiнiң көлемi мен құнды қағаздар (сатуға арналған қолда бар инвестициялар және өтеуге дейiн ұсталатын инвестициялар) 55,2%-ға, яғни 2007 жылдың 31-шi желтоқсанындағы 192,2 млрд.теңгеден 86,1 млрд. теңгеге азайды. Төмендеу негiзiнен халықаралық қаржы институттарының шығарған облигацияларын өтеумен байланысты болды.

Клиенттер қаражаты 22,5%-ға өстi – 2007 жылдың соңында 895,1 млрд. теңгеден 2008 жылдың 30-шы қыркүйегiндегi жағдай бойынша 1 096 млрд. теңгеге дейiн өстi. Өсiм негiзiнен шұғыл салымдардың 24,3%-ға өскенiмен байланысты. Мәселен, 2008 жылдың 30-шы қыркүйегiнде клиенттердiң шұғыл салымдарының мөлшерi 893,7 млрд. теңгенi құрады, 2007 жылдың соңында 718,8 млрд. теңге болатын. Талап етiлгенге дейiнгi салымдар мөлшерi 202,0 млрд. теңгеге дейiн өстi. 2007 жылдың соңында 176,1 млрд. теңге болатын. 2008 жылдың 30-шы қыркүйегiнде шұғыл депозиттер мен талап етiлгенге дейiнгi депозиттер мөлшерi тиiсiнше 81,5% және 18,4% құрады. Ал 2007 жылдың соңында олардың үлесi тиiсiнше 80,3% және 19,7% болатын.

2008 жылдың 30-шы қыркүйегiнде клиенттер қаражатына РЕПО келiсiмi бойынша 509 млн. теңге сомасы қосылған болатын (2007 жылдың 31 желтоқсанында – 201 млн. теңге) 2008 жылдың 4-шi қыркүйегiнде Қазкоммерцбанк сомасы 600 миллион АҚШ долларын құрайтын синдикатталған несиенi жоспарына сәйкес өтедi. Негiзгi қарызды және сомаға есептелген пайызды банк өз қаражатының есебiнен төледi. Синдикатталған қарыз 2007 жылдың тамызында алынды. Аталмыш несиенi the Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, LTD., Сitibank, N.A., Standard bank plc и Mizuho Corporate Bank, Ltd ұйымдастырған. Бұл қаражат банк клиенттерiнiң экспортты-импортты операцияларын қаржыландыруға жұмсалған болатын.

Ж. СЕРIКҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары