ҰЛТ ПАТРИОТТАРЫ ҰЛТТЫҢ ЖОЙЫЛУЫНАН ҚОРҚАДЫ

ҰЛТ ПАТРИОТТАРЫ ҰЛТТЫҢ ЖОЙЫЛУЫНАН ҚОРҚАДЫ

ҰЛТ ПАТРИОТТАРЫ ҰЛТТЫҢ ЖОЙЫЛУЫНАН ҚОРҚАДЫ
ашық дереккөзі
185

Қазақстанның ұлт патриоттары 5-қаңтардан бастап берiлiп жатқан биометриялық төлқұжатқа орай, Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентi мен Үкiметiне үндеу жариялаған екен. Үндеу “Ұлттарды жоюға апаратын қадам” деп аталады. Оған ұлт жанашырлары мен қоғам және мемлекет қайраткерлерi – М.Шаханов, Б. Әбiлев, Ж. Тұяқбай, С. Әбдiлдин бастаған 83 адам қол қойған.

Аталған үндеуде ұлт жанашырлары биометриялық құжаттың ұлттың тамырына балта шабуға бағытталған қадам екендiгiн айта отырып, 1994 жылдан бұған дейiн тек сөз жүзiнде талқыланып келе жатқан “қазақстандық ұлт” идеясын жүзеге асырудың жымысқы жолы деп көрсеткен. “Қазақстандық басшылықтың ел азаматтарын ұлтсыздандыруға бағыттаған сан қилы күресiнiң нәтижесi – бүгiнгi күнi Қазақстан халқына берiлiп жатқан жаңа төлқұжат. Егер бұрын кiмнiң қай ұлт өкiлi екендiгi нақтылы көрсетiлсе жаңа төлқұжатта – әр адамның ұлтын айғақтайтын, яғни “ұлты” деген бағана мүлде алынып тасталған. Бұл әрине, “қазақстандық ұлт” идеясының заңды түрде жүзеге асуы, ресми түрде құжатталуы. Бұдан былайғы жерде республикамызда ешкiм ресми түрде өзiн “мен қазақпын”, “мен орыспын”, “мен әзiрбайжанмын”, “мен татармын” деп айтуға құқылы емес. Рас, жаңа биометриялық төлқұжаттың өзiндiк сапасына және иесi туралы толық ақпарат беретiн 64 КБ электрондық микрочип жетiстiктерiне бiз де шек келтiрмеймiз. Бiрақ жаңа төлқұжат бойынша сараптасақ, қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт ретiндегi мәртебесiнен айрылды. Сан ғасырлық ата-баба рухының, тiлiмiздiң, дiлiмiздiң, ұлттық мәдениетiмiздiң тамырына балта шабылды” делiнген онда.

Серіктес жаңалықтары