«ҚАСҚЫР ҚҰДАЙ БОЛҒАН КЕЗ»

«ҚАСҚЫР ҚҰДАЙ БОЛҒАН КЕЗ»

«ҚАСҚЫР ҚҰДАЙ БОЛҒАН КЕЗ»
ашық дереккөзі
341

Соңғы жылдары “кiтап оқылмайды, оқырманның талғамы төмен” деген әңгiмелер жиi айтылатын болды. Оқырман жоғалған жоқ, бар. Рас, бiрақ көп емес. Бұл өкiнiш пе? Әрине, өкiнiш.

Аға буынның “әдебиетте тек жанкештiлер мен нағыз дарындылар қалды” деген пiкiрiн ескерсек, бүгiнде кiтапты iздеп жүрiп оқитын оқырмандардың да денi талғамы биiк оқушылар. “Тұран” баспасынан талантты ақын, әдебиетшi-ғалым Әмiрхан Балқыбектiң “Қасқыр құдай болған кез” атты кiтабы жарық көрдi. 42 баспа табақ кiтап үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде “Қасқыр құдай болған кез”, “Атлантида түркiлер мекенi болған ба?”, “Гомер “Илиадасы”, түркiлер және мәңгiлiк қала”, “Қара бала ұлы қаған болғанда”, “Шыңғысхан тыңдаған жырдың шындығы” т.б. тарихи-ғылыми эсселерi берiлген. “Ауа түстес жыр” деп аталатын екiншi бөлiмде арынды ақынның әр жылдарда жазылған өлеңдерi, балладалары, поэмалары топтасқан. Әдеби-танымдық мақалалары “Кесе түбiнде төңкерiлген Фудзияма” деп аталатын үшiншi бөлiмде жинақталған.

Серіктес жаңалықтары