ҰЗЫНБҰЛАҚТАҒЫ ЖАҢА МЕШIТ

ҰЗЫНБҰЛАҚТАҒЫ ЖАҢА МЕШIТ

ҰЗЫНБҰЛАҚТАҒЫ ЖАҢА МЕШIТ
ашық дереккөзі
292

Алматы қаласындағы “Әлмерек әулие – абыз рухани сауықтыру орталығының” жұмыс iстегенiне оншақты жыл болды. Орталық жетекшiсi, белгiлi емшi, халық емшiлерi қауымдастығының вице-президентi Ермек Мырзагелдиев осыған дейiн Райымбек ауданында екi мешiт салып, дiндарлар құрметiне бөленген болатын.

Биыл үшiншi мешiттi Ұзынбұлақ ауылында салып, жақында оның ашылу салтанатына қатысып қайтты. Жердегi Алла үйiнiң салыну салтанатына халық көп жиналып, оған Қазақстан Мұсылмандар дiни басқармасының өкiлдерi қатысты. Алматы қаласынан келген бiр топ зиялы қауым өкiлдерi құттықтап, жылы лебiздерiн бiлдiрдi. Ауыл әкiмi Марат Тақабаев, дiнтанушы, қауымдастық төрағасы Зиядан Қожамқұлов, ауданға белгiлi азаматтар Бексырға Данышпанов, Ахан Нұрғожаев, тағы басқалар белгiлi азаматтың жанашырлық, имандылық iсiн қолдап, оған табыс тiледi. Салтанат кезiнде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ермек Мырзагелдиевке берiлген “Астанаға 10-жыл” медалi тапсырылды.

Ауылдың ең биiк тұсына салынған Алла үйi 300 намазханға сол күнi есiгiн ашты. Жұма намазы оқылды.

Iшкi өрнегiне сыртқы көркi сай мешiт ауылдағы айшықты Алла үйi екенiн бiр көргеннен сездiредi.

Ораз Ай

Серіктес жаңалықтары