Таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдағы турнирде қола жүлде иеленді

/
Таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдағы турнирде қола жүлде иеленді
olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open халықаралық турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті.

Нодира финалға шығу үшін өткен бәсекеде қытайлық Цзюй Цзоға жол берді.

Осылайша қазақстандық таеквондошы жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар