Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Мемлекет басшысының атынан Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтқожинаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол ақынның шаңырағына арнайы барып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хаттарын табыстады.
Президент құттықтауында Марфуға Айтқожинаның отандық әдебиет пен мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті. Ақынның шығармашылық жолында дүниеге келген туындылары қазақ поэзиясының алтын қорына енді.
Қала басшылығы атынан Абзал Нүкенов ақынға көп жылғы еңбегі, мәдени мұраны сақтауға және қазақ әдебиетін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс білдірді.