ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛМАҚҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛМАҚ

ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛМАҚҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛМАҚ

ҰЛТТЫҚ  КОМПАНИЯ  ҚҰРЫЛМАҚҰЛТТЫҚ  КОМПАНИЯ  ҚҰРЫЛМАҚ
ашық дереккөзі
351

«ЭКСПО-2017»:

Халықаралық көрмені Қазақстанда өткізу – елімізге үлкен

сын әрі абырой.

Арнайы құрылатын

ұлттық компания

«ЭКСПО-2017» шеңберіндегі әзірлік жұмыстарын жүзеге асырмақ.

Қазақстанда

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық

компаниясы

құрылмақшы.

Үкіметтік отырыста ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерблат Досаев аталған мекеме Елордада өткізілетін халықаралық көрмеге дайындық жұмыстарымен айналысатынын жеткізді: «Бүгін біз «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын құру туралы» жобаны қабылдадық. Негізгі міндет – 2013 жылы атқарылуы тиіс мақсаттарды түзіп, дайындық жұмыстарын қайта екшеу». Астана қаласының әкімдігі жанынан құрылатын бұл компания ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты нысандар мен инфрақұрылымдарды салу және жобалауға баса назар аудармақ. Бүгінде ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірге аталған жобаны қаржыландыруға кететін 5 млн. еуро көлеміндегі соманы бөлу мәселесі қарастырылуда.

2012 жылы Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясында жабық дауыс берудің нәтижесінде Астана қаласы шараны ұйымдастыруға үміткер ретінде басым дауысқа ие болғаны белгілі. Сол сайыста Астана Бельгияның Льеж қаласын шаң қаптырып, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін қала болып жарияланған еді. «ЭКСПО-2017» көрмесін Астанада өткізу туралы шешім тарихи оқиға болып саналатынын айтқан ҚР Президенті: «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Ең бастысы, Астананың таңдалуы – Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі», – деп мәлімдеді. Қазақстан халқын жеңісімен құттықтаған Елбасы көрменің елімізге үлкен пайдасы бар екенін де ескертті: «Енді біздің алдымызда «ЭКСПО-2017» көрмесін лайықты деңгейде өткізу міндеті тұр. Бұл еліміз үшін емтихан ғана емес, көрме біздің жасампаз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік береді. Астанада «ЭКСПО» көрмесін өткізу республикамыздың инновациялық дамуына серпін береді».

Ресми деректерге сүйенсек, алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайында өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл, қатысушы елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әртүрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді. Өткен 161 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы халықаралық қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелермен қатар, анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер өте беретіндігі куә. Әрине, осындай ұзақ мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол күйінде қала берді. Кез келген дүниежүзілік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылар тұрғызған кешендер мен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемдігі және салтанаттылығымен ерекшеленеді. Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады. Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.

Көрмелер көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін туғызады. Күні бүгінге дейін 63 көрме өткізілген екен. Ал 160 жылдың ішінде Халықаралық көрмелер бюросының өзіндік мұрасы түзілген: Лондондағы Хрусталь сарайы; Париждегі Эйфель мұнарасы; Париждегі Александр III көпірі; Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары