ЕЛ БІРЛІГІНЕ АРНАЛДЫ

ЕЛ БІРЛІГІНЕ АРНАЛДЫ

ЕЛ БІРЛІГІНЕ АРНАЛДЫ
ашық дереккөзі

«Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ағымдағы жылдың 19 қараша күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында «Ел бірлігіндегі ұлт зиялыларының рөлі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Елбасының мақаласындағы ақпараттық-мәдени саласында берілген тапсырмаларға сәйкес, еліміздің шығармашылық интеллигенциясымен бірге қол жеткізуге ұмтылу, елдің ұйытқысы бола алатын және бірлігін сақтауға күш жұмсайтын ұлт зиялыларының басын қосу.

Іс-шараға Астана қаласының мәдениет, әдебиет, қоғам қайраткерлері, сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің проректоры Дихан Қамзабекұлы, саяси ғылымдарының докторы, профессор Нәубет Қалиев, филология ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Тұрысбек, Әлкей Марғұлан атындағы № 54 мектеп директоры Ербол Іргебаев сияқты ұлт зиялылары қатысып, баяндама жасады.

Дөңгелек үстелді филология ғылым­дарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай жүргізді. Жиналған қауымға Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен шығарылған Қ. Мұхамедхановтың 10 томдық кітабы көпшілікке таныстырылды.

«Түркістан-ақпарат»