ҚАЗКОММЕРЦБАНК ЕСЕП БЕРДI
ҚАЗКОММЕРЦБАНК ЕСЕП БЕРДI
Елiмiздегi жетекшi банктердiң бiрi Қазкоммерцбанк 2008 жылдың 1-шi жарты жылдығы бойынша қорытынды баспасөз мәслихатын өткiздi. Оған банктiң басқарушы директорлары – Әуезов Мағжан, Батырбеков Әдiл және Нәбиев Асқарбек қатысты.
ҚКБ-ның 2008 жылдың бiрiншi жарты жылдығының негiзгi көрсеткiштерiне қысқаша тоқталған Мағжан Әуезов, банктiң сыртқы қарызы туралы да айтып кеттi. “Қазкоммерцбанк 2008 жылдың 9 айында 2 миллиард долларға жуық сыртқы қарызын өтептi”, – деп мәлiмдедi Мағжан Әуезов. – Қазкоммерцбанктiң сыртқы қарызының басым бөлiгiн өтеу, 2007 жыл мен ағымдағы жылдың алғашқы жартысында жүзеге асырылған. 2007 жылы 1 миллиард 107 миллион долларлық сыртқы қарыз өтелсе, ағымдағы жылдың қаңтары мен қыркүйек аралығында 1 миллиард 830 миллион долларлық сыртқы қарыз төленген.
“Биылғы жылдың қалған мерзiмiнде – 360 миллион, 2009 жылы – 1 миллиард 63 миллион доллар, сондай-ақ 2011 жылы 420 миллион доллар көлемiндегi сыртқы қарызды өтеудi жоспарлап отырмыз. Қазкоммерцбанк бұған дейiн сыртқы қарызының басым бөлiгiн, мысалы синдикатталған қарызды табысты өтедi, – дейдi М.Әуезов.
Банктiң басқарушы директоры атап өткен сыртқы қарыздарға шетелдiк қаржы институттары мен банктерден алынған қарыз, қарызды құнды қағаздар, синдикаттық заемдар жатады.
Сонымен, банктiң 2008 жылдың 1-шi жарты жылдығындағы негiзгi көрсеткiштерi:
– Таза пайда 26,8 пайызға ұлғайды. 2007 жылдың 1-шi жарты жылдығында 26,09 миллиард теңге болса, 2008 жылдың 30-шы маусымында аяқталған 6 айда 34,1 миллиард теңгеге ұлғайды.
– Салық төлегенге дейiн таза пайда өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 43,2 %-ға, немесе 34,6 миллиард теңгеден 49,5 миллиард теңгеге дейiн ұлғайды.
– Таза кiрiстiк пайыз 2 есе өсiп, 31,4 миллиард теңгеден 63,6 миллиард теңгеге жеттi.
– Операциялық кiрiс сәйкесiнше сарапталған мерзiм бойынша 34%-ға өсiп, 48,8 миллиард теңгеден 65,3 миллиард теңгеге жеттi.
– Акциялар бойынша кiрiс 2007 жылдың 1-шi жарты жылдығындағы 36,38 теңгеден 2008 жылдың 30-шы маусымында аяқталған 6 ай iшiнде 47,90 теңгеге өстi.
– Жалпы активтер 2007 жылдың 31-шi желтоқсандағы жағдай бойынша 2 997 миллиард теңгеден 3,8 %-ға төмендеп 2008 жылғы 30-шы маусымдағы жағдай бойынша 2 884 миллиард теңгенi құрады.
– Жеке капитал 2007 жылдың 31-шi желтоқсанындағы жағдай бойынша 319 миллиард теңгеден 6,4 %-ға өсiп, 2008 жылдың 30-шы маусымындағы жағдай бойынша 340 миллиард теңгенi құрады.
– Резервтi есептемегенде тұтынушыларға берiлген несие көлемi 2,6%-ға немесе 2 366 миллиард теңгеден 2 304 миллиард теңгеге азайды.
– Тұтынушылардың шотындағы қаржы көлемi 9,3%-ға ұлғайып, 895 миллиард теңгеден 978 миллиард теңгеге өстi.
– Шығарылған қарызды құнды қағаздарының көлемi 0,5%-ға немесе 740 миллиард теңгеден 736 миллиард теңгеге азайды.
– Жеке капиталдың рентабельдiк коефицентi (ROE) 208 жылдың 30-шы маусымында 20,5 %-ды құрайды. 2007 жылдың соңында бұл көрсеткiш 19,5 %-ды құраған болатын.
“Бiз кiрiстi жыл басында болжанған деңгейде сақтау туралы өз болжамымызды бекiтемiз. Нарықтағы қиын жағдайға қарамастан қосымша ауқымды провизия жүргiзбекпiз. Ел тұрғындарының және корпоративтiк клиенттер салымдарының ұлғаюы туралы болжамымызды да мақұлдаймыз. Ол 5-10 пайыз аралығында болмақ. Мұндай бекiту шарасын операциялық кiрiстерге байланысты шығын көлемiн 25 пайыздан төмендетпеу жөнiндегi болжамымызға да байланысты айтуға болады. Жартыжылдық қорытындысында бұл көрсеткiш 16,9 пайызды құрап отыр”, – дедi М. Әуезов.
Түркiстан-ақпарат