Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шардара аудандық әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi Шардара су қоймасы құрылысының 50 жыл және аудан, қаланың құрылғанына 40 жыл толуына орай Республикалық ақындардың жыр-мүшәрасын өткiзедi. Мүшәйра 2008 жылдың 9-10 қазанында Шардара қаласында өтедi.
МҮШӘЙРАНЫҢ НЕГIЗГI МАҚСАТЫ:
Республика көлемiндегi ақындардың шығармашылығын халыққа кеңiнен насихаттау, жаңа есiмдердi табу, жастардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, оларға қолдау көрсету және Шардара қаласының шабыт шақырар көркiне шайырлар көңiлiн аудару.
МҮШӘЙРАНЫ ӨТКIЗУ ШАРТТАРЫ:
Мүшәйраға қатысушы үмiткердiң жасына шектеу қойылмайды;
Мүшәйраға қатысатын әрбiр үмiткер шығармаларын сахнада өздерi оқуы қажет;
Мүшәйраға үмiткер 2 шығармасын ұсынады. Оның бiрiншiсi – Шардара ауданы туралы және бүгiнгi тыныс-тiршiлiгi жайлы, екiншiсi еркiн тақырыпта;
Әрбiр ақынға шығармаларын оқуы үшiн 5-10 минут берiледi;
Қазылар алқасы ақындардың мүшәйраға ұсынған шығармаларының көркемдiк дәрежесiне, мазмұнына, сондай-ақ мәнерлеп оқу ерекшелiгiне, сахна мәдениетiне, киiмiне бас аназар аударады;
Ақындар мүшәйраның бiрiншi кезеңiнде екi шығармасын орындайды.
Екiншi кезең – жеңiмпаздарды марапаттау.
Мүшәйрада төмендегi жүлделi орындар белгiленiп, арнайы дипломдармен марапатталады.
Бас жүлде (бiреу)
I орын (бiреу)
II орын (екеу)
III орын (екеу)
Арнайы жүлделер:
1) Мұқағали Мақатаев атындағы жүлде;
2) Төлеген Айбергенов атындағы жүлде;
3) Қасым Аманжолов атындағы жүлде;
4) Сабырхан Асанов атындағы жүлде;
5) Қаныбек Сарыбаев атындағы жүлде;
6) Әлiбек Мейiрбеков атындағы жүлде;
Сонымен қатар арнайы және ынталандыру сыйлықтары берiледi.
Ақындардың мүшәйраға ұсынылған шығармалары компьютерге терiлiп, өтiнiш тапсырысымен қоса алдын-ала ұйымдастыру алқасына үстiмiздегi жылдың 1-шi қазанына дейiн жiберiлуi тиiс.
ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫНА ӨТКIЗЕТIН ҚҰЖАТТАР:
Үмiткерлердiң өмiрбаяны мен шығармашылық мiнездемесi;
Үмiткерлердiң 9?14 көлемiндегi түрлi-түстi фотосуретi – 2 дана;
Компьютерде терiлген шығармасы.
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шардара қаласы, Түгелбаев даңғылы нүй, аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi,
Факс: 8-725-35 215-39
Тел: 8-725-35 228-38