Ержан Тәтiшев атындағы Қор стипендианттарының саны 4 есеге өстi

Ержан Тәтiшев атындағы Қор стипендианттарының саны 4 есеге өстi

Ержан Тәтiшев атындағы Қор стипендианттарының саны 4 есеге өстi
ашық дереккөзі
264

Жақында Ержан Тәтiшев атындағы Қордың 2008 жылғы стипендиаттарын марапаттау рәсiмi өтедi.

Қор осы жылы шәкiртақы иегерлерiнiң санын 4 есе көбейттi. Олардың арасында Балалар үйiнiң түлектерiмен қатар, мүмкiндiгi шектелген балалар да бар.

Мүмкiндiгi шектелген балалардың орта кәсiби бiлiм алуы үшiн 10 грант берiлдi.

Қордың атынан 6 түлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнде, Қ. Сатпаев атындағы Казақ Ұлттық Техникалық университетi мен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнде бакалавр дәрежесi бойынша оқу мәртебесiне ие болды. Сонымен қатар 6 талантты жас түлек қаржы – экономикалық мамандықтар бойынша ҚМЭБИ-да, Халықаралық Экономика және Әлеуметтiк ғылымдар халықаралық мектебi мен Халықаралық Бизнес университетiнде бакалавр дәрежесiнде бiлiм алу шәкiртақысын иелендi. Қор стипендиаттары өткен жылғы 6 шәкiртақы иегерлерiмен қосылып, барлығы 28 адам болды. Ержан Тәтiшев атындағы қор жоспарында жыл сайын шәкiртақы мен бағдарламалар санын көбейту және 3 жыл көлемiнде 100 немесе одан да көп үмiткерлерге қолдау көрсету шарасы бар.

Осы жылы Қор бiлiм алу мүмкiндiктерi шектеулi Балалар үйiнiң түлектерi мен мүгедектерге арналған 2 жаңа бағдарламаны iске қосты. Бұл – қордың қоғамнан қолдау күтетiн мүмкiндiгi шектелген жандарға қамқорлық көрсетуге арналған алғашқы iрi мақсатты және жүйеленген тәжiрибе болып табылады.

Қолдауды қажет ететiн болашағы зор, талантты жас мамандар өте көп екенiне көз жеткiзе отырып, Қор басшылығы өз бағдарламаларының аясын кеңейтiп, қоғамның әр деңгейдегi өкiлдерiне бiлiм алуға көмектеседi.

Бiлiм бағдарламаларына арналған Қор бюджетi тиiсiнше өсiп отырады. Қазiргi таңда жұмсалатын 19 млн. тенгенiң қолдау мөлшерiн 3 жыл iшiнде 80 млн. тенгеге дейiн жоғарылату жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Ержан Тәтiшев Қорының шетелмен бiрлескен қызметiн жақсарту, Қазақстанның бiлiм жолындағы имиджiн көтерiп, ТМД елдерiнен дарынды стипендианттарды шақыру арқылы "қосымша интеллектуалды импортпен" айналысу да көзделiп отыр.

Еске сала кететiн жайт, Қордың шәкiртақысына жыл сайын төленетiн оқудың ақысы, тұратын орны мен қаланың сыртында тұратындар үшiн жол шығыны төленедi. Демек, Қордың стипендианттары бүкiл оқу барысында қаржымен қамтамасыз етiледi деген сөз.

Бiрақ. Қор шәкiртақысын иелену үшiн кандидаттар екi қиын байқаудан, қатаң бәсекелестiктен өтедi. Мысалы, қаржы-экономикалық мамандықтар бойынша бакалавр дәрежесiн алу үшiн гранттар бағдарламасының бiрiншi кезеңiнде Қазақстанның бүкiл аймағынан, шетел азаматтарымен қосқанда 67 адам қатысты. Екiншi кезеңге 26 адам ғана өттi. Қорытындысы бойынша лайық деген алты адам ғана қалды. Ержан Тәтiшев Қорының стипендиясын алуға барлығы 183 өтiнiш түскен болатын.

Стипендианттарды iрiктеу критерийлерi: академиялық үлгерiм, иеленген сыйлық және марапаттаулары, қоғамдық қызметi, отбасының қаржылық жағдайы, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттерi, топпен жұмыс iстеу қабiлетi, қиын жағдайларда шешiм қабылдай ала бiлуi, байланыс машықтары, жобалары, сөйлеу және жазу шешендiгi, жаңашылдығы, интеллект деңгейi және жалпы мәдениетi, белсендiлiгi мен еңбекке қабiлеттiлiгi, нақты өз болашағын айқын жоспарлай бiлуi.

Серіктес жаңалықтары