Құрметтi журналистер!

Құрметтi журналистер!

Құрметтi журналистер!
ашық дереккөзі

Қаржы нарығының дамуын үздiк баяндайтын бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткiзiлетiн "Қалам — Қаржы – 2008" републикалық байқауына қатысушылардың жұмыстарын қабылдау жалғасуда.

Сараптаушы кеңесiнiң мүшелерi: Сараптаушы кеңесiнiң төрағасы, Қазақстан Журналистика Академиясының Президентi Сағымбай Қозыбаев, "Seimar Investment Group" Директорлар Кеңесiнiң Төрағасы Марғұлан Сейсембаев, "ВizMedia" Iскер Журналистика Орталығы ҚҚ Президентi Төлеген Асқаров, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң журналистика факультетiнiң Деканы, ҚР Журналистика Академиясының мүшесi, "Ақиқат" журналының бас редакторы Жұмабек Кенжалин, БАҚ жөнiндегi Әлеуметтiк Кеңесiнiң Төрағасы, Қазақстан Журналистика Одағының Басқарма Төрағасы, Ұлттық Баспасөз-клубының Президентi Сейiтқазы Матаев, "Қазақстан" телеарнасының Басқарма Төрағасының орынбасары Қайнар Олжай.

Сағымбай Қозыбаевтың айтуынша: ""Қалам-Қаржы" байқауының өтуi бiздiң елiмiздiң әлеуметтiк-саяси өмiрiнде айтарлықтай оқиға болды. Экономика — журналистика саласындағы ең күрделi бағыт болып табылады. Экономика тақырыбын айқындау жоғарғы кәсiпкерлiктi талап етедi. Бұл бағытта жазатын журналистердi еш жерде дайындамайды, олар өз бейiмдiлiгiмен шығады. Аталмыш байқау қазақ журналистикасының дамуына өз үлесiн тигiзiп, жас қазақ журналистерiне осынау күрделi, өте қызықты, болашағы бар буын жайлы баяндауына серпiн беруге тиiстi. "Қалам-Қаржы" жыл сайын өткiзiлетiн байқау болғандықтан, келешекте қазақ тiлiнде шығатын жаңа бұқаралық ақпараттар құралдары жарық көретiндiгiне куә боламыз деген сенiм бiлдiремiз".

Байқауға республикалық, аймақтық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының электрондық және баспасөз, сондай-ақ, жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарының электрондық және баспасөз бетiнде мемлекеттiк тiлде жазатын журналистер қатыса алады.

Байқау төмендегiдей аталымдар бойынша жүргiзiледi:

— "ҚР қаржы нарығының дамуын баяндайтын БАҚ-тағы үздiк жарияланым";

— "ҚР қаржы нарығының дамуын баяндайтын үздiк телерадиобағдарлама (сюжет)";

— "ҚР қаржы нарығының дамуын баяндайтын үздiк мерзiмдi басылым";

— "ҚР қаржы нарығының дамуын баяндайтын үздiк аймақтық басылым".

Жұмыстар 2008 жылдың 1 қарашасына дейiн қабылданады.