ҚАНДАСТАРДЫҢ ЖОҚШЫСЫ

ҚАНДАСТАРДЫҢ ЖОҚШЫСЫ

ҚАНДАСТАРДЫҢ ЖОҚШЫСЫ
ашық дереккөзі

"Түркiстан" газетiнiң "Қоныс" қосымшасы қалың оқырман қауымның жүрек қылын шерткен жақсы бастамасымен жұрт көзiне түстi. Әсiресе, алыстағы ағайын-туыстың атамекенге сағыныш мұң зары немесе құқықтың негiздерiнiң газет бетiнен орын алуы кемдiктi толықтап, кетiгiмiздi жамады.

"Қоныс" деген аты айтып тұрғандай шетте жүрген ағайынды атақонысқа шақыру немесе олардың қоныстанудан төңiрегiндегi себептi ойлармен талғамды пiкiрлердi көтеруi бүгiнгi күннiң күткен тақырыбы едi. Көш-керуенiмiз бiрде даңғылға түсiп ертеңнен асыға, бiрде керектiгi ұзақтан күткен үкiлi үмiтiмiз болатын "Қоныс" осы ойларымызға қанат бiтiрiп, бұлыңғыр тартқан көшiмiзге сәулесiн шашты. Талай шаршаған көңiл, шалдыққан өмiр осы қосымшадан өз жолын қондырып, жанына медет болған жаңа жол тапты. Осындай қосымшаны шығаруға күш салып жүрген қызметкерiмiзге, оған демеушi болып отырған Альянс Банкiне көп рахмет айтамыз.

Илаһiм, елмен жер мұңын шертуге арналған, қан жылаған қандастарға жоқшы болған "Қоныстың" қонысы жайлы болып, жылдан-жылға шыға берсе екен! Жас басылымға ұзақ ғұмыр тiлеп хат жазған

Серiк Сағынтайұлы (ҚХР)