ЖӘКIШЕВ YКIМЕТКЕ ЕСЕП БЕРДI

ЖӘКIШЕВ YКIМЕТКЕ ЕСЕП БЕРДI

ЖӘКIШЕВ YКIМЕТКЕ ЕСЕП БЕРДI
ашық дереккөзі
344

2030 жылға қарай халықтың энергетиканы пайдалану қажеттiлiгi екi есеге артса, мұнай-газ шикiзаты азаяды екен. Ал қажет көлемдегi қуатпен қамтитын балама көз — атом энергетикасы екенi анық. Сондықтан елiмiзде осы саланы қарқынды дамытуды қолға алу қажет. Бiр-екi күндiкте Үкiмет мүшелерi "ҚазАтомПром" ұлттық холдингiнiң президентi Мұхтар Жәкiшовтiң бұл салада жасап жатқан жобаларымен танысты.

Мұхтар Жәкiшев уранды байытуға арналған бiрқатар жобалардың барысы туралы баяндап, оның қыр-сырын таныстырды. Ел экономикасы 2010 жылы он бес мың тонна уран өндiрудi жоспарлап отыр. Ұлттық компания бас аяғы он бес миллиард теңгеге инфрақұрылым, атап айтқанда, уран кенiштерiне апаратын жол, көпiр, темiржол станцияларын салған. "ҚазАтомПром" өзiнiң уран өндiру және өнiмдердi өңдеу мүмкiндiктерiн кеңейтiп, шетелдiк әрiптестерiмен бiрге уранды газға айналдыратын конверсиялық зауыт және уранды байыту зауытын салуды жоспарлап отыр. Мұхтар Жәкiшев әлемдiк уран өндiрушiлермен және тұтынушылармен бiрiгiп алдағы жылы уранды нарықтық жолмен сатуға арналған қор құрмақ. "Өйткенi, бұл әлi күнге дейiн жабық нарық", — дейдi "Қазатомпром" жетекшiсi. Сол себептен уранның нарықтық бағасы жоқ. Арнайы қор уран саудасына арналған биржа алаңын құруды көздейдi.

Сол сияқты Мұхтар Жәкiшев Курчатов өңiрiнен атом энергетикасын зерттейтiн халықаралық ғылыми орталық құруды ұсынды. Егер жоба Үкiметтен қолдау тапса, Жапония елiмен бiрлескен бұл орталық 2017 жылға қарай iске кiрiседi екен. "Бұрынғы Семей облысындағы Курчатов өңiрi халықаралық орталықты салуға ыңғайлы. Өйткенi мұнда бұрыннан қалған база бар" дейдi, ұлттық компания басшысы.

Алайда, Энергетика және минералды ресурстар министрi Сауат Мыңбаев "атом энергетикасына қатысты халықаралық орталық салудан бұрын Қазақстанда әуелi атом электр стансасы салынуы қажет. Және халықаралық келiсiмдерге қол қойып, арнайы тәуелсiз комиссия құрылу керек" — дейдi. Бұл мәселеге қатысты Үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов атом энергетика саласын реттейтiн өкiлеттi мекеме құруды Энергетика министрiне тапсырды. Үкiмет отырысы барысында К. Мәсiмов атом энергетикасы саласы бойынша халықаралық келесiмдерге байланысты мәселелердi, сонымен қатар елiмiзден экспортталатын уранның нарықтық бағасын анықтау шараларын қарауды ұсынды.

"Қазатомөнеркәсiп" компаниясының атом энергетикасы бағытындағы жоспарына қолдау бiлдiрген Премьер-министр: "Энергетика саласында аталған ұлттық компания елiмiздiң қарқынды дамуының көрсеткiштерiн айқындай алатын әлеуеттi көшбасшылардың қатарында" — деген баға бердi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары