"ЭЙР АСТАНАНЫҢ" КӨРСЕТКIШТЕРI ТӘП-ТӘУIР

"ЭЙР АСТАНАНЫҢ" КӨРСЕТКIШТЕРI ТӘП-ТӘУIР

"ЭЙР АСТАНАНЫҢ" КӨРСЕТКIШТЕРI ТӘП-ТӘУIР
ашық дереккөзі
417

Әлемнiң әуе кеңiстiгiн "Эйр Астананың" тiлгiлеп жүргенiне де бiршама уақыт болып қалыпты. Қадамдары жаман емес. Көрсеткiштерi де тәуiр. Үстiмiздегi жылдың алғашқы жартысында жолаушылар тасымалы 16 пайызға өсiптi.

Жанармай бағасы едәуiр артып кетсе де, "Эйр Астананың" әуе лайнерлерi өткен жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда жолаушы шақырымы 4,2 млрд.-ты құрап, 20 пайызға ұлғайған. Тасымалданған жолаушылардың саны 1,3 миллион адамды құрады. Бұл көрсеткiштi жыл соңына дейiн екi есе арттырамыз деген жоспарлары да әзiр. Мұның бәрi сайып келгенде компанияның ауыз толтырып айтарлықтай табысын құрайды екен. Мәселен, алғашқы жартыжылдықтағы кiрiс көлемi — 322 млн. АҚШ доллар. Оның iшiнде жолаушы тасымалынан түскен таза пайда 30 пайызға артқан.

Ең бастысы "Эйр Астана" компаниясы әуе кемелерi паркiнiң жаңа лайнерлермен толығуын ұдайы назарда ұстап келедi. Мәселен биылдың өзiнде парк 21 ұшақпен толықса, "Эйрбас А320" деп аталатын тағы алты ұшаққа тапсырыс жасалыпты. Жалпы "Эйр Астананың" стратегиясында мұнымен шектелiп қалу дейтiн жоқ. Аса маңызды орталықтар Мәскеу, Стамбул, Франкфурт секiлдi қалаларға рейстердi көбейту үшiн, "Эйр Астана" 2022-жылға дейiн парктi қазiргi заманғы 63 авиалайнермен толықтыруды межелеген.

"Эйр Астана" АҚ басшысы Питер Фостердiң айтуына қарағанда елiмiздiң азаматтық авияциясы көшбасшысын зор мүмкiндiктер күтiп тұр екен. Бұған сеп компанияда "Nomad club" жолаушыларды марапаттау бағдарламасы кеңiнен таралып жатса Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда ұшақтарға техникалық қызмет көрсету үшiн ангарлар ашылып жатыр.

Ғ.Сәрсенұлы

Серіктес жаңалықтары