НАЗАРБАЕВТЫҢ «АРЗАНҒА» КӨҢIЛI ТОЛДЫ

НАЗАРБАЕВТЫҢ «АРЗАНҒА» КӨҢIЛI ТОЛДЫ

НАЗАРБАЕВТЫҢ «АРЗАНҒА» КӨҢIЛI ТОЛДЫ
ашық дереккөзі
375

Аспан асты елiндегi "Құс ұясы" стадионындағы Олимпиаданың ашылу салтанатынан кейiн Елбасы бiрден мәдени шаһарға ат басын тiреп, Алматыдағы бiрқатар нысандарды аралап көрдi.

Президент әуелi салынып бiткен және құрылысы ендi жүргiзiлiп жатқан жолайрықтарды тамашалады. Қаланың бас жоспары бойынша алдағы уақытта мәдени шаһарда жолайрықтардың саны 52-ге жеткiзiлмек. Елбасы мұндай жолайрықтардың келешекте көлiк кептелiсiн азайтып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға септiгi тигiзетiнiн де атап өттi.

Бұдан кейiн оңтүстiк астаналықтар Президенттi қалың бұқара күнделiктi тұтынатын тұрмыстық заттар мен азық-түлiк, көкөнiс өнiмдерiн тұтынушыларға төменгi бағамен ұсынатын "Арзан" сауда орталығына алып барды. Шаһардағы өзге сауда орталықтарында өндiрушiнiң тауарына 50 пайыздан аса үстеме ақы қосылса, мұнда ол көрсеткiш 12 пайызды құрап отыр. Ал мұндай көрсеткiш баға саясатын тұрақты ұстау арқылы өз тұтынушыларының қатарын арттыру. Бұл тұтынушы үшiн де, сатушы үшiн де тиiмдi көрсеткiш. Сауда орталығымен жiтi танысып шыққан Елбасы "Арзанның" көңiлiнен шыққанын айта кеттi. Әрi қала әкiмi Ахметжан Есiмовке тағы осындай iрi орталықтар мен бiрнеше коммуналдық орталықтарды ашу қажеттiгiн тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы "Орбита" ықшам ауданында жаңадан салынған жылыту қазандығы кешенiнiң жұмысымен танысып қайтты. Бұрын 100 гигокалорийлiк күшi бар жылу агрегаттары ендi соны үлгiдегi қондырғылармен жабдықталған. Биылғы маусымнан бастап 410 гигокалорий көлемiнде жылу беруге қауқары жететiн бұл кешен Алматының жоғарғы бөлiгiндегi тұрғын үйлер мен бизнес орталықтардың барлығын жылумен қамтамасыз етпек.

Мәдени шаһарды аралап шыққан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыда атқарылып жатқан шаруаларға көңiлi толып қайтты.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары