"АЛАШ ЖӘНЕ РУХ" БӘЙГЕСIНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!

"АЛАШ ЖӘНЕ РУХ" БӘЙГЕСIНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!

"АЛАШ ЖӘНЕ РУХ" БӘЙГЕСIНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!
ашық дереккөзі
217

"Ел-шежiре" Қоғамдық қайрымдылық қоры Қазақстан Тарихшылар қауымдастығымен, сондай-ақ "Қазақ газеттерi" АҚ және "Түркiстан" газетiмен бiрлесе отырып, Алаш қозғалысының 90 жылдығына орай ең үздiк ғылыми, публицистикалық және көркем шығармаларға арнап "Алаш және рух" атты бәйге жариялайды.

Бәйгеге түскен шығармалар ең алдымен Қазақстан тарихындағы Алаш қозғалысының алар орны мен қызметiн, ұлт өмiрiндегi оның идеялық мақсат-мүддесi мен қоғам iшiндегi қозғаушылық iс-әрекетiн, және бастысы — сол кезеңдегi, яки ХХ ғасырдың алғашқы он жылдықтарындағы Алаш арыстары мен көсемдерiнiң ұлт болашағы жолындағы жанкештi күресiн мүмкiндiгiнше терең де жан-жақты көрсете бiлуi керек.

Бәйге екi номинациядан тұрады:

I. Ең үздiк ғылыми және публицистикалық мақалалар.

1-iншi сыйлық — 100 000 теңге,

2-iншi сыйлық — 75 000 теңге,

3-iншi сыйлық — 50 000 теңге

Ынталандыру сыйлығы (екеу) — 30 000 теңге

II. Ең үздiк әдеби көркем шығармалар (поэзиялық, прозалық).

1-iншi сыйлық — 100 000 теңге,

2-iншi сыйлық — 75 000 теңге,

3-iншi сыйлық — 50 000 теңге

Ынталандыру сыйлығы (екеу) — 30 000 теңге

Бұл бәйгеге қатысатан, бұрын еш жерде жарияланбаған көлемi 10-12 беттен аспайтын (4-формат) шығармалар "Алаш және рух" бәйгесiне!" деген айдармен осы жылдың тамыз айынан бастап "Түркiстан", "Қазақ әдебиетi", "Әдебиет айдыны" және "Ана тiлi" газеттерiнде сонымен қатар облыстық басылымдарда жариялана бастайды. Қорытындысы қараша айының басында шығарылып, сыйлықтар Алаш қозғалысының 90 жылдығына орай Алматыда өткiзiлетiн мерекелiк жиында тапсырылады.

Бәйгеге қатысты кез-келген мәселе бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 277-92-89; 243-32-42.

"Ел-шежiре" қоғамдық қайырымдылық қоры.

Серіктес жаңалықтары