ТАЛFАМ МЕН ТАРАЗЫ

ТАЛFАМ МЕН ТАРАЗЫ

ТАЛFАМ МЕН ТАРАЗЫ
ашық дереккөзі
297

Елiмiздiң көптеген аймақтары газдандырылып, "көгiлдiр отынның" елге қалтқысыз қызмет көрсеткенiне де бiраз уақыт өттi. Сонау Түркiменстандағы Қарақұмнан басталып, Ресейге дейiн созылған газ құбыры арқылы елiмiздiң мамандары кәсiби шеберлiк пен бiлiктiлiк арқасында iркiлiссiз, апатсыз газ тасымалдап келедi. Олардың еңбегiне оңды баға беру – заман талабы. Өйткенi, елiмiздiң экономикалық ахуалының нығаюы бiр есептен осы "көгiлдiр отында" жатыр.

Жақында "КазТрансГаз" компаниялар тобының құрамына кiретiн "Интергаз Орталық Азия" компаниясы газ тасымалдау мамандарының кәсiби шеберлiгiн шыңдау, теориялық және практикалық бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында бесiншi рет "Үздiк маман" байқауын ұйымдастырды.

Биылғы байқау Атырау магистральдық газ құбырлары басқармасы базасында өткiзiлдi. Айтулы сынға елiмiздiң 8 облысынан 12 номинация бойынша газ тасымалдау саласының 56 жұмысшы маманы қатынасты. Сайыс 2 бөлiмнен құрылды. Алғашқы бөлiм "Интергаз Орталық Азия" компаниясы филиалдарының деңгейiнде өттi, яғни, қатынасушы байқау картасы және бағалау парағына енгiзiлетiн көрсеткiштерiн талдау арқылы мамандар iрiктелiнiп, екiншi айналымға жолдама алған.

Екiншi бөлiм Атырау магистральдық газ құбырлары басқармасы базасында жалғасын тапты. Газбен дәнекерлеушi, темiр жонушы, электр қондырғыларын жөндеу және күту монтерi, технологиялық қондырғыларды жөндеу жөнiндегi слесарь, жер асты құбырларын тоттанудан қорғау монтерi және өзге де мамандықтар бойынша қатынасқан жұмысшы мамандар әуелi теориялық сынақтан өттi. Белгiленген уақыт iшiнде әр маманның қызметiне қарай тест тапсырмалары берiлiп, мамандардың теориялық бiлiмдi меңгеру деңгейi сыналды. Нәтижесiнде әр маман бiлiмдiлiк танытып, сынақтың екiншi сатысына өттi. Бұл практикалық сынақ болатын. Тапсырма күрделiрек болды. Мұнда арнайы мамандар жер астына көмiлген құбырды ашып, ал электр және газбен дәнекерлеушiлерге одан арнайы бөлiктi кесiп алу, сонан соң құбырдың кесiлген бөлiгiне жаңасын жамау тапсырылды. Тәжiрибелi мамандар бұл сыннан да сүрiнбей өтiп, өз бiлiктiлiктерiн дәлелдей бiлдi.

Атыраудағы байқауға "Интергаз Орталық Азия" акционерлiк қоғамының бас директоры Серiк Естай арнайы келiп, маман-жұмысшылардың шеберлiктерiн қадағалады. Байқауды қорытындылаған ол жеңiмпаздарды марапаттады.

"Технологиялық компрессор машинисi", "Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөнiндегi слесарь", "Электр қондырғыларын жөндеу және күту жөнiндегi электромонтер", "Жүк машинасының жүргiзушiсi", "Электрмен, газбен дәнекерлеушi", "Желiлiк құбыр жүргiзушi" және басқа номинациялар бойынша ынталандыру сыйлығын алғандарға 300 мың теңге, үшiншi орын иелерiне 450 мың теңге, екiншi орын алғандарға 750 мың теңге, бiрiншi орын жүлдегерлерiне1 млн. 200 мың теңге көлемiнде сыйақы және "Құрмет грамоталары" табысталды. Бас бәйгенiң иегерлерiн, яғни, бiрiншi орын жүлдегерлерiн атап өткен жөн. 1. Фуат Сафин ("Орал" МГҚБ), 2. Қанат Ермекбаев ("Атырау" МГҚБ),3.Игорь Нехотящий ("Орал" МГҚБ), 4. Рашид Мансуров ("Оңтүстiк" МГҚБ),5. Александр Кожемякин ("Атырау" МГҚБ), 6.Николай Рукан ("Орал" МГҚБ),7.Бауыржан Мұқанбетов ("Атырау" МГҚБ),8.Игiлiк Мұқанғалиев ("Атырау" МГҚБ ), 9. Сәбит Мусин ("Атырау" МГҚБ), 10. Махамбет Сағынов ("Атырау" МГҚБ), 11. Орақ Жұманов ("Атырау" МГҚБ), 12. Сатыбалды Естұрғанов ("Орал" МГҚБ).

"Интергаз Орталық Азия" компаниясының бас директоры Серiк Естай байқау алдағы жылы Ақтөбе қаласында өтетiндiгiн, бұрын сынға қатыспаған жас мамандар тартылып, сыйақы мөлшерi молаятындығын айта келе, мұндай iстер кәсiби бiлiктiлiктi шыңдай түсетiн шара екендiгiн жеткiздi.

Жеңiмпаздардың лебiзiн бiлу ниетiмен бiз оларды әңгiмеге тарттық. Оралдық жонушы Фуат Сафин: "Байқауда бiрiншi орынға ие болдым. Қуаныштымын! Әрiптестерiме кәсiби бiлiктiлiктерiңiз арта түссiн деймiн!" – деп ақ тiлегiн бiлдiрсе, үшiншi орынды еншiлеген жамбылдық жүк машинасының жүргiзушiсi Мақбалбай: "Осындай игi шаралар бiздi тек жiгерлендiре түседi, елiмiздi газдандiру үшiн аянбай еңбек етемiз. Еңбегiмiздiң еленуi, бiзге деген сенiмнiң арта түсуi газшылар үшiн ең қымбат сый", – деп жүрекжарды тiлегiн жайып салды.

Газшылар үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн 120 млрд. текше метр газ тасымалдауды көздеп отыр. Мұның асыра орындаларына сенiм мол. Өйткенi, үлкен талғаммен ұйымдастырылған мұндай байқау жұмысшы қауымының еңбекке деген құштарлығын арттыра түсерiне күмән жоқ.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары