Сұраңыз, жауап беремiз

Сұраңыз, жауап беремiз

Сұраңыз, жауап беремiз
ашық дереккөзі
231

Жақында Қазақстан Республикасы үкiметiнiң жаңа №524 Қаулысы шыққаны жайында естiдiм. Ол Қаулы бойынша оралмандар куәлiгi арқылы әлеуметтiк жеке код алуға, жұмысқа орналасуға мүмкiн болды дейдi. Осы жайында толық бiлгiм келедi. Сiздер таратып айтып бермес пе екенсiздер?

Құрметпен Анар, Оралман.

Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтiк қолрғау министрлiгi Көшi-қон жөнiндегi комитетiнiң Алматы қаласы бойынша департатентiнiң мамандары жауап бередi:

ОРАЛМАН КУӘЛIГIНIҢ ҚҰҚЫ

Қазақстанда шет елдерде өмiр сүрiп жатқан этникалық қазақтардың тарихи отанына келуiне және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына жеткiлiктi құқықтық база жасалған. Олардың атамекенiне тезiрек бейiмделуi, қазақстандық қоғамға жылдам сiңiсу үшiн көп жұмыстар iстелiнуде. Осы орайда биылғы жылдың 30 мамырында ел Үкiметiнiң №524 Қаулысына сәйкес оралмандар куәлiгi ӘЖК (әлеуметтiк жеке код) тағайындауға негiз болатын құжаттар қатарына жатқызылды.

Жалпы, Қазақстан Рееспубликасы Еңбек Кодексiне сай жұмысқа орналасу барысында әрбiр жұмысқа тұрушы жұмыс берушiге ӘЖК ұсынуы керек. Бұрынғы қолданыстағы тәртiп бойынша ӘЖК алу үшiн басқа құжаттармен қатар жеке басты куәландыратын мына құжаттардың бiрiн: 16 жасқа толмаған азаматтар үшiн туу туралы куәлiк, Қазақстан Республикасының жеке куәлiгi немесе төлқұжаты шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат беретiн қағаз, азаматтығы жоқ тұлғаларға берiлетiн куәлiк тапсыру қажет болатын. Бұл құжаттардың бiрiн алу үшiн оралмандарға, көбiнесе барлық құжатттарды дайындау бойынша 4-6 ай күтуге тура келетiн. Сөйтiп, мұның барлығы түптеп келгенде олардың жұмысқа орналасуында, атаулы әлеуметтiк көмек алуында белгiлi бiр қиындықтар туғызатын.

Ал ендi оралмандар жұмысқа тұруда, әлеуметтiк көмек алуда, зейнетақысын рәсiмдеуде Қазақстан Республикасының азаматтығын алу жұмыстарын күтпейтiн болады.

Осы орайда ӘЖК (әлеуметтiк жеке код) алу үшiн жергiлiктi тұратын жерi бойынша "Мемлекеттiк зейнетақы төлемi жөнiндегi орталығы" (МЗТОГ) Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының құрылымдық бөлiмшесiне, ал Алматыда МЗТО-ның қалалық филиалына барып, оралман куәлiгiн көрсетуi қажет. Қазiр "Мемлекеттiк зейнетақы төлемi жөнiндегi орталықтың" Алматы қалалық филиалы мына мекен-жайда орналасқан: Алматы қаласы, Абылайхан көшесi, 74 "а" үй. Мұнда заңды және жеке тұлғалармен жұмыс бөлiмiне, мына телефон бойынша хабарласыңыз: 272-98-35

Көшi-қон жөнiндегi комитетiнiң Алматы қаласы бойынша департаментi

Серіктес жаңалықтары