"ҚАЗСАТ" БIЗГЕ НЕ БЕРДI?

"ҚАЗСАТ" БIЗГЕ НЕ БЕРДI?

"ҚАЗСАТ" БIЗГЕ НЕ БЕРДI?
ашық дереккөзі
428

Ауылдың казiргi жағдайының мәз еместiгiн баспасөз де теледидар да аямай айтып жатыр. – Бiрақ, селк еткен жан жоқ.

Көптеген елдi мекендерде қарапайым телефон желiсiнiң өзiн шырақпен iздеп таба алмайсың. "Бұрын болған, қазiр тек бағаналары ғана қалды"дейдi, ауыл адамдары. Кезiнде сымдарын жинап, сатып жiберген. Кiмге сатқан, не үшiн сатылған оны адамдар түгiлi әкiмдер де бiлмейдi-ау, сiрә. Әрине, телефон жоқ жерде интернет те жоқ, ал ұялы байланысты ауызға алудың өзi күлкiнi келтiредi.

Қазiргi ауылдың жағдайы бұрынғы Совет үкiметi кезiндегi сияқты ақ-қара түстi теледидарды елестетедi. Амал не?

Тiптi, оңтүстiктiң кейбiр аудандарында "Хабар" мен "Қазақстан" арнасы ғана таратылады. Оған да тәуба. Ең бастысы радио. "Қазақ радиосы" да шалғай ауылдарға таралмайды. Сонда осыдан екi жыл бұрын ұшырылған "Қазсат" жер серiгiн мақтағанда, асылы осы олқылықтардың орны толар деп үмiттенген ауыл адамдары, маусымның 8-де iстен шыққанын естiгенде тағы бiр "Қожанасырдың спектаклiн" көргендей әсерде қалды.

Ал оның орнын Өзбекстанның 8-9 арнасы күнi-түнi басып отыр. Көршiмiздiң телефон жүйелерiндегi тарифтерi де әлдеқайда төмен. Тiптi, ол жерде мұғалiмдер газ бен электр жүйелерiне ақша төлемейтiнi де таңқалдырады. Өзбекстан "Қазсат" сияқты жер серiгiн ұшырып, оған қомақты қаржы бөлмей-ақ, жер-жерлерге өз телеарналарын таратып жатыр.

Нұргүл НАЛТАЕВА, ҚазҰУ-дың I курс студентi

Серіктес жаңалықтары