ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
ашық дереккөзі
245

Журналистердiң кәсiби мерекесi қарсаңында Қазақстан Журналистер одағының басқармасы үздiк жұмыстарға арналған республикалық шығармашылық конкурстың қорытындысын қарап БАҚ қызметкерлерiне төмендегi номинациялар бойынша 2008 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаттары атағын берiп, бiр желпiнтiп тастады. Биылғы марапаттау шарасынан "Түркiстан" газетi де құр алақан қалмады. Газетiмiздiң фототiлшiсi – Зейнел Жекейұлы республиканың аса маңызды спорттық оқиғаларын көрсеткенi үшiн Журналистер одағының сыйлығына ие болды.

Сол сияқты репортерлiк жұмыс – Әбдiреева Ләззатқа, Иманбаева Алтынға, Тұрысбекқызы Маржанға, комментаторлар – Қазақ радиосының тiкелей эфирдегi хабарлар сериясы үшiн; Мұстафина Сараға, "Қазақпарат" агенттiгi Алматы бюросының меңгерушiсi және Супиев Бахытшатқа, "Уйғыр Авази" газетiнiң тiлшiсi – елдегi аса маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жедел көрсеткенi үшiн.

2. Экономикалық шолу – Нос Иринаға, "Казахстанская правда" газетi экономика бөлiмiнiң шеф-редакторы, Балташұлы Ермекке, облыстық "Орталық Қазақстан" газетi бас редакторының орынбасары, Рсалин Мақсатқа, "Қазақ газеттерi" АҚ менеджерi – Қазақстанда экономикалық ахуалды дамыту туралы талдамалық шолулары үшiн.

3. Саяси шолу – Сигов Юрийге, "Деловая неделя" газетiнiң Вашингтондағы меншiктi тiлшiсi – посткеңестiк кеңiстiкте демократиялық үдерiстi дамыту туралы материалдары үшiн; Самрат Жақсыбайға, "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" АҚ шолушысы, Әрiн Әмiреге, облыстық "Жетiсу" газетi бас рекдакторының орынбасары – республиканың маңызды саяси оқиғалары туралы материалдары үшiн.

4. Журналистiк зерттеу – Туник Сергейге, "Мегаполис" апталығының экономика және саясат бөлiмiнiң редакторы – үлестiк құрылысқа қатысушылар құқығын қорғаған өткiр жарияланымдары үшiн; Борисов Сергейге, "Литер" газетiнiң журналисi – Атом энергетикасын дамыту және ядролық қауiпсiздiк туралы материалдары үшiн.

5. Iзденiс материалдары – Оразалиева Гүлсiмге, журналист – мемлекет және қоғам қайраткерi Нұртас Оңдасыновтың өмiрi мен қызметi туралы материалдары үшiн; Сейсенұлы Дәулетке – "Егемен Қазақстан" газетiнiң Семей өңiрiндегi меншiктi тiлшiсi – Шәкәрiм Құдайбердиев туралы очерктер жинағын әзiрлегенi үшiн.

6. Ғылыми-зерттеу жұмысы – Садықова Бақытқа, зерттеушi-ғалым – Мұстафа Шоқай өмiрiнiң беймәлiм беттерi туралы материал¬дары үшiн; Күмiсбаев Өтегенге – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры – Қазақстанда шығыстануды дамыту туралы мақалалары үшiн.

7. Телевизиялық жұмыс – Әбiқай Гүлмираға, Ибраимов Асқарға, авторлар мен тележүргiзушiлер – "КТК" телеарнасында "Репортер" бағдарламасын әзiрлегенi және шығарғаны үшiн; Жиреншина Сәулеге, продюсер, Шәкәрiм Жарқынға, редактор, Қаптағаева Асылға, режиссер – ұлттық "Қазақстан" телеарнасында "Дидар" тележурналын ұйымдастырғаны үшiн.

8. Кинофотожұмыс – Глухов Бориске, "Кинобейнесервис" кәсiпорынының жетекшiсi – Алматы туралы бейнефильмдер әзiрлегенi және шығарғаны үшiн; Петухов Валерийге, фотожурналист – Орталық Қазақстан туралы фотоальбомды әзiрлеу кезiндегi кәсiби шеберлiгi үшiн;

9. Медиа-жоба – Краснер Александрға, "Новая газета-Қазақстан" газетiнiң бас директоры, Скирка Андрейге, "Эксперт-Қазақстан" журналының бас редакторы – жаңа баспалық жобаларды ұйымдастырудағы шығармашылық iзденiстерi үшiн.

10. Оқу құралы – Омаров Мұхитқа, облыстық "Сарыарқа самалы" газетiнiң бас редакторы – "БАҚ-тың экономикалық тиiмдiлiгi" жинағаны үшiн.

Ал, Қазақстан Журналистер одағының арнаулы дипломдарымен "Дала мен Қала" және "Страна и Мир" газеттерiнiң (бас директоры Ә.Ибраев), "Ақиқат" журналының (бас редакторы Ж.Кенжалин) – Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды көрсеткенi үшiн, облыстық "Звезда Прииртышья" (бас редакторы Ю.Поминов) және "Индустриальная Караганда" (бас редакторы В.Рыжков) газеттерi редакцияларының – "Ертiс-Қарағанды" каналы бойынша бiрлескен журналистiк экспедиция өткiзгенi үшiн – шығармашылық ұжымдарының қызметi, Жалғасбаев Тұрсынбек, аудандық "Талғар" газетiнiң тiлшiсi – спорттық журналистиканы дамытуға қосқан үлесi үшiн марапатталды.

Қазақстан Журналистер одағы мен "Казинпресс" редакциялық-баспалық тобы Амангелдi Ахметәлiмов атындағы ҚазҰУ профессоры Сағымбай Қозыбаевты – "Масс-медиа" ақпараттық сөздiк-анықтамалығын шығарғаны үшiн; халықаралық "Қазақстан-ZAMAN" газетi Рақымбай Ханалы атындағы сыйлықпен "Алматы ақшамы" газетiнiң фотожурналисi Ысқақбай Жеңiстi – Қазақстан фотожурналистикасын дамытуға қосқан жеке үлесi үшiн ынталандырды.

Қазақстан Журналистер одағының дипломдарымен баспасөзге қолдауы және журналистермен өзара түсiнiстiгi үшiн мыналардың қызметi атап өтiлдi. Ашықбаев Ержан – ҚР СIМ халықаралық ақпарат комитетiнiң төрағасы, Бектұрова Гүлнәр – ҚР Жоғарғы Соты баспасөз қызметiнiң жетекшiсi, баспасөз хатшысы, Iлбiсiнова Балжан – "Қазақтелеком" АҚ-тың жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметiнiң жетекшiсi, Қожахметов Бағдад – ҚР IIМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының бастығы, Махмұдов Нұрлан – "Қазақмыс" корпорациясының жұртшылықпен байланыс жөнiндегi департаментiнiң директоры, Мырзалиева Қарлығаш – "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың жұртшылықпен байланыс жөнiндегi департаментiнiң директоры, Нұрқалиев Арман – "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы баспасөз қызметiнiң жетекшiсi, Шағылбаева Сымбат – "АНТ" компаниялар тобы директорының орынбасары да сый-құрметке бөлендi.

Сондай-ақ, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының шешiмiмен Қазақстан журналистикасын дамытуға сiңiрген көрнектi еңбегi және айтулы үлесi үшiн бiрқатар БАҚ өкiлдерi "Қазақстанның құрметтi журналисi" белгiсiмен марапатталды.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары